$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда Мәжіліс депутаттары жастардың сапалы білім алу мәселесін талқылады

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің көшпелі отырысында күн тәртібіне шығарылған «Жастардың жоғары білімге қол жетімділігі мен сапасын арттыру» тақырыбы талқыға салынды.

Кеңес мүшелері Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессорлық оқытушылар құрамы және студенттермен кездесіп, жатақханалардың және онда тұрып жатқан студенттердің жағдайымен танысты.

Жастарға деген мемлекет қамқорлығын Елбасы өзінің 5 әлеуметтік бастамасында «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» тиесілі болады деп көрсетті. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешуге тиісті деді.

Жоғарыда көрсетілген жоғарғы оқу орындарын аралау кезінде белгілі болған жайттарды атап өтсек, 2017-2018 оқу жылында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық универститетінде 5871 студент білім алуда. Аталмыш университетте 7 жатақхана бар, онда 3177 студент тұрады. Сол сияқты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 17 143 студент білім алса, оның ішінде грантта оқитындар саны -13 775. Университетке қарасты 15 жатақханада 5730 студент тұрып жатыр. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде 9949 студент білім алуда. Оның ішінде грантта оқитындар саны - 8545. Оқу орнына қарасты 6 жатақханада 1998 студент тұрып жатыр. Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетте 6821 студент білім алуда. Оның 3270 студенті грантпен оқиды. Университетке тиесілі 5 жатақханада 1887 студент тұрады.

Еліміздің ЖОО-да білім алып жатқан 530 мың студенттің 204 мыңы қалаға сырттан келген студенттер. Қаладан сырттан келетін студенттердің жатақханамен қамтылуын көрсететін ресми статистикалық мәліметтер талдауы бұл жағдайдың қанағаттанарлық деңгейде емес екенін көрсетті. Жатақханаларға жоғары сұраныс Алматы қаласы - 21557 адам, Астана қаласы – 14239 адам және Қарағанды облысында -8253 адам. Жалпы алғанда республика бойынша студенттік жатақханаларға сұраныс 77500 кереуеттік орын болып отыр.

Республикалық «Мирас» кеңесінің екінші бөлімі «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында жалғасын тапты. Жиын барысында Мирас кеңесінің мүшесі ҚР парламенті Сенатының дептутаты Динар Жүсіпәлиқызы Нөкетаева және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдрахманов сөз сөйледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша «Мирас» кеңесінің мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, ҚР Білім және Ғылым министрлігіне Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына сәйкес гранттарды үлестірудің экономикалық тұрғыда әлеуметтік әділдік мәселесіне ескере отырып, "ЖОО-да қабылдау ережелері жайлы, халықты алаңдатқан сұрақтарға бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде ақпарат беруді күшейтуді тапсырды. Тағы бір туындайтын сұрақ - мамандықтар бойынша гранттарды үлестіру. Талапкер өз мүмкіндігін бағамдай алмайды, оған профильдік пән таңдауға және дайындалуға үлгермей жатады. "Алтын белгі" алып грантқа ілінбей қалған жағдайлар кездесті. Биыл осы жүйеге заңды түрде өзгертулер енгізіп, өткен жылғы болған олқылықтардың алдын алу керектігін алға тартты. Сондай-ақ, Астанадағы ЖОО-ларда орын жетіспейді. Барлығы елордаға барғысы келеді. Осы мәселені қалай шешуге болады? Білім саласындағы осындай кездесетін өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар жатақханаларда студенттермен кездесу барысында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қарасты жатақханалар сын көтермейді. Кеңес дәуірінен қалған жатақханаларда қыздарымыздың тұрып жатқаны әрине көңіл толтырмайды. Жатақханалар бөлмелерінде ауа жетіспейді, өрт қауіпсізідігі мен техникалық қауіпсіздік мүлдем жоқ деп айтса болады. Бұл мәселелер бойынша ұсыныстар тиісті органдарға жіберіліп, орындалуы бақылауға алынады.

Кеңес жиын қорытындысында, «Мирас» кеңесі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуіне қолдау білдірді. «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы әрбір бағыт маңызды әрі қоғамның белгілі бір топтарының сұранысына сай аса қажет.

Үндеудегі «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағытының жас буын үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары