$ 443.85  474.3  4.8

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев халық алдында есеп береді

Биыл 13 маусымда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуі өтеді.

Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі тікелей эфир арқылы Bnews.kz интернет-порталында көрсетіледі.

Өтетін орны: Астана қ., Д.Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары