12.06.2018, 19:10

Мемлекет басшысы Зағипа Балиеваны қызметінен алып тастады

Informburo.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен Зағипа Яхияқызы Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Еске салайық, осыдан бірнеше ай бұрын ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылында 7 жасар баланың ұзақ уақыт бойы зорланып келгені туралы ақпарат тараған болатын. Өзінің айтуынша, оған жоғары сыныптың оқушылары азғындық көрсеткен. Баланың әжесі болса "полиция арызымды алмайды, мектеп директоры істі жылы жауып тастамақшы" деп, жергілікті журналистерге шағым айтып барған. Сол уақыттан бері бұл іс республикалық деңгейге көтеріліп, қоғамның қызу талқысына түсті. 

Осы оқиғадан кейін Аружан Сайын бастаған қоғам белсенділері Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева өз міндетін дұрыс атқармай отыр деп, оның отставкасын талап еткен болатын. Балиеваның бүгінгі қызметінен босауы бұл жайтқа қатысы бар ма, жоқ па - ол жағы белгісіз.

Ал, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне Мемлекет басшысы Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваны тағайындады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.