$ 445.66  474.58  4.78

Орынбасары парамен ұсталған ОҚО Кірістер департаментінің басшысы өз еркімен орнын босатты

Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев орынбасарының жемқорлық дауына ілігуіне байланысты отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусымның басында Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы Үмбетәлиевтің орынбасары Теңлібаевты ұстаған болатын. Ол жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. 

"Мемлекеттік кіріс департаменті өте күрделі және көпсалалы құрылым. Сондықтан басшының оның барлығын қадағалауға мұршасы келе бермейді. Алтынсары Үмбетәлиев көп уақытын салықтық қызметке жұмсады, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің бектілген жоспар-болжамымен. Оның жетекшілігімен департамент бірнеше жыл көрсеткіштен асып отырды және мемлекетке миллиардтаған кіріс келтірді", - делінген департаменттің хабарламасында. 

Дегенмен басшы қоластындағылары үшін жауапты екені аталып өтілді. 

"Қоластындағы қызметкерлер жемқорлық бойынша айыпталғандықтан, ол қызметінен кетуді міндет деп санайды. Орнын босата отырып, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс департаменті, әкімдік пен Оңтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарына алғысын білдірді", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары