$ 446.49  475.38  4.79

Нұржан Әшімбетов Екібастұз әкімі болып тағайындалды

Нұржан Әшімбетов Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды деп жазады pavlodarnews.kz 

Бүгін Екібастұз қалалық әкімдігінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жаңа шаһар басшысын таныстырды.

«Қайрат Теміршотұлы Нүкеновтың Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты Президент Әкімшілігінің және Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен, менің өкімім бойынша Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды.  Мемлекеттік қызметте 15 жылдық еңбек өтілі бар Нұржан Кемерұлы өзін білікті басшы ретінде көрсете білді. Жаңа лауазымда сізге табыстар тілеймін! Екібастұз инвестициялық орталыққа айналу керек. Бұл өңір көмірдің мекені болғандықтан, барлық жоспарлы жұмыстар тиянақты әрі сапалы жүзеге асу қажет», - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Нұржан Әшімбетов артылған сенім үшін алғысын білдіріп, алға қойылған мақсаттарды орындауға бар күшін салатынын жеткізді.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған. Зооинженер мамандығы бойынша Алматы зооветеринарлық институтын, ал бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттігіне қарасты «Карана» корпорациясының кеңесшісі қызметін атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары