$ 448.89  477.93  4.76

Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің біразы қысқарады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бюджет шығындарын қысқарту арқылы жалақыны көтеру мәселесіне тоқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Президенттің нақты тапсырмасы бар. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру керек. Біз аталған міндетті орындауға міндеттіміз. Келесі жылдан бастап еншілес кәсіпорындарды оңтайландырамыз ба, қысқартамыз ба, бірақ осы мәселені шешуіміз керек. Әрине, кейбір мемлекеттік органдарда қысқартулар болады. Қалай болса да, біз әкімшілік шығындарды қысқарту мәселесін жіті бақылауымыз қажет», - деді А.Шпекбаев «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында өткен жиында. 

Оның айтуынша, бүгінде кез келген кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын ауыстырып, бюджеттің біраз қаражатын үнемдеуге болады. Ол ақшаға жалақыны да көтеруге мүмкіндік бар. Ең бастысы, мықты әрі кәсіби басшылар болуы қажет.

«Мәселен, Астандағы балалар үйін алайық. Біз оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын өзгерттік. Бұрын коммуналдық мемлекеттік мекеме болса, қазір коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде мықты менеджерлер келді. Нағыз патриоттар екен. Қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Бұған дейін минималды жалақы 33 мың теңге болды. Бүгінде 120 мыңға дейін көтерілді. Ал, басшылардың жалақысы 120 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін өсті. Осының өзі бюджетті дұрыс басқару арқылы біраз нәрсені өзгертуге болатынын көрсетіп отыр. Ондай тәжірибені кеңінен таратуымыз қажет», - деп атап көрсетті А.Шпекбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары