$ 449.58  486.94  4.86

БАЭ-де Қазақстан елшісі болған Қайрат Лама Шариф жаңа қызметке тағайындалды

Біріккен Араб Әмірлігінде Қазақстан елшісі болған Қайрат Лама Шариф Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

«Сыртқы істер министрлігінде жаңа қызметке тағайындалдым. Министр Бейбіт Атамқұловтың үкімімен ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалдым», - деп жазды Қайрат Лама Шариф.

Ақпан айында Қайрат Лама Шариф Мемлекет басшысының Жарлығымен Біріккен Араб Әмірлігінде Қазақстан елшісі қызметінен босатылған.  Оның орнына Назарбаев Мадияр Смәділұлы Меңілбековті тағайындаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары