$ 449.58  486.94  4.86

«Тоқаевтың екінші әйелі жоқ»: Дәурен Абаев президенттің «неке сақинасына» қатысты түсініктеме берді

"Хабар" телеарнасына берген сұхбатында Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке басына қатысты мәлімдеме жасады.

Есте болса, осыдан бірнеше күн бұрын Тоқаевтың ажырасқаны туралы ресми ақпарат тараған еді. Артынша президенттің неке сақинасымен түскен фотосы әлеуметтік желілерде кең талқыланған болатын.

Абаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының ажырасқаны рас, дегенмен ол екінші рет үйленбеген.

"Жұрттың айтып жүргені неке сақинасы емес, Қасым-Жомарт Кемелұлының мерейтойына жасалған сыйлық. Президенттің екінші әйелі жоқ", - деді Ақпарат министрі тілшіге берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары