Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


13.05.2019, 16:15

Дональд Трамптың Елбасыға жазған хаты жарияланды

inform.kz

АҚШ Президенті Дональд Трамп ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатында не жазғаны белгілі болды. Хатты Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

АҚШ Президенті Дональд Трамп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстанды басқарған 30 жылға жуық уақыттың ішінде мол мұра қалдырғанын атап өтіп, билік транзитін конституциялық процедураларға сай жүзеге асыру шешіміне қолдау білдірген. 

Сонымен қатар, ол 2018 жылғы Елбасының Ақ үйге сапары АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған қадам болғанын атап өткен.

«Біз екіжақты қарым-қатынасымызда үлкен табыстарға қол жеткіздік және америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық үшін барынша мол салаларды қамти түсуі қуантады. Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен бүкіл әлемде табысқа жетті. Президент ретіндегі Сізбен жұмысым барысындағы қолдауыңызды жоғары бағалаймын және дәл осындай қарым-қатынасты Президент Тоқаевпен де тағатсыздана күтемін. Сіздің болашақтағы барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін», - деп жазады АҚШ Президенті.

 

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.