Мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінікеевтің депутатық өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

28.12.2016, 10:28

Мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінікеевтің депутатық өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады

Мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінікеевтің депутатық өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады Tengrinews.kz

Мәжілістің пленарлық отырысында төменгі палата депутаттары бірауыздан Мұхтар Тінікеевтің өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысты қолдап, дауыс берді деп жазады Tengrinews.kz. Күні кеше басы дауда қалған Тінікеев сайлаушыларынан кешірім сұрап, өзінің бұдан әрі депутат бола алмайтынын айтқан болатын.

27 желтоқсанда Мәжілісте Депутаттық этика бойынша кеңестің отырысы өтіп, Мұхтар Тінікеевтің өтініші қаралған еді.

"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы: ҚР Конституциясының 52-бабының 5-пунктіне және ҚР парламенті мен оның депутаттары туралы ҚР Конституциялық заңының 24-бабына, оның ішінде 3, 4-пункттеріне сәйкес. Парламент Мәжілісінің депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныстан кейін. ОСК төрағасының міндетін уақытша атқарушы Владимир Фоос", - деп оқыды ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев отырыс барысында.

Естеріңізге салайық, 20 желтоқсан күні әлеуметтік желілерде Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевтің дастархан басында мәслихаттың экс-депутаты Полевойды ұрып, балағаттап жатқан сәті түсірілген видеоматериал әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Артынша тілшілерге сұхбат берген Мәжіліс депутатының өзі мұны жай әзіл екенін айтып ақталған еді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші