Елбасы Сыртқы істер министрі мен Ұлттық экономика министрін алмастырды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Елбасы Сыртқы істер министрі мен Ұлттық экономика министрін алмастырды

28.12.2016 17:46
Елбасы Сыртқы істер министрі мен Ұлттық экономика министрін алмастырды

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов отставкаға кетті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ал, Сыртқы істер министрлігін бұдан былай Қайрат Әбдірахманов басқарады. Қос министрді тағайындау туралы Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап осы тағайындауға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі)​​ болды.

Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір - Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987). 1987-91 - Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі. 1991-93 - ҚМУ аспиранты. 1993-97 - Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары. 1997 - ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары. 1997-98 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары. 1998-99 - ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 1999-2001 - ҚР сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 - Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі. Сәуір, 2003 - наурыз, 2006 - Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 3 наурыз, 2006 - тамыз 2007 - ҚР сыртқы істер вице-министрі. Тамыз, 2007 - қыркүйек, 2008 - Австриядағы ҚР елшісі - ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі. Қаңтар, 2008 - ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы. Қыркүйек-желтоқсан, 2008 - ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі. Желтоқсан, 2008 - наурыз, 2011 - ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Наурыз, 2011 - Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. 2-ші санатты Төтенше және Өкілетті Елші шеніне ие (2001).

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші