Air Arabia-ның кейінге шегерілген рейстеріне қатысты ҚР ИДМ ресми мәлімдеме жасады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Air Arabia-ның кейінге шегерілген рейстеріне қатысты ҚР ИДМ ресми мәлімдеме жасады

02.01.2017 19:11

Air Arabia әуекомпаниясының Қазақстандағы өкілдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Шарджа қаласындағы (Біріккен Араб Әмірлігі) ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін ауа райы қолайсыздығына байланысты Air Arabia-ның 2016 жылғы 29, 30, 31 желтоқсанға жоспарланған Шарджа - Астана және Шарджа - Алматы бағытындағы рейстеріне шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлап отыр.

Сонымен қатар, әлемнің басқа да ондаған мемлекетіне (Армения, Украина, Ресей, Бахрейн, Қатар, Египет және т.б.) ұшуы жоспарланған рейстер кейінге шегерілді. Қалыптасқан жағдайды шешу үшін ҚР Инестициялар және даму министрлігінде Туризм индустриясы департаменті, Азаматтық авиация комитеті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінен тұратын жедел басқару штабы құрылып, қызмет етуде.

БАӘ-нің сәйкес мемлекеттік органдары мен Air Arabia әуекомпаниясына рейстерді шектеудің салдарынан орын алған жағдайды және қазақстандық жолаушыларды елге қайтару мәселесін жедел түрде реттеу туралы талаппен Азаматтық авиация комитетінен ресми хаттар және ҚР СІМ нотасы жіберілді.

Жолаушылардың 300 адамнан тұратын бір бөлігі басқа тұрақты әуекомпания рейстерімен және SCAT әуекомпаниясының Шарджа – Алматы – Шарджа бағыты бойынша ұшатын қосымша рейсімен жеткізілді. Air Arabia әуекомпаниясының ақпараты бойынша кейінге шегерілген рейстердің жолаушыларына билет тарифінің толық құны өтелетін болады.

Air Arabia әуекомпаниясының Шарджа – Алматы – Шарджа рейсінің орындалуы осы жылдың 2 қаңтарына жоспарланған болатын. Бірақ, ауа райының өте қолайсыз болып тұрғанына байланысты рейс кешіктірілуі мүмкін.

Қазақстандық туристерге сапарларын туроператорлармен келісіп белгілеу ұсынылады. Ал, рейстің кейінге шегерілуі ұзаққа созылатын болса, Air Arabia әуекомпаниясының өкілдігіне билет құнын өтеп алу жөнінде хабарласуға болады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші