Мемлекет басшысы Шахандағы апаттан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Мемлекет басшысы Шахандағы апаттан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

03.01.2017 00:03

Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмдардың туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көп пәтерлі үйдің кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Пікір  

+ 0 Аскер 03.01.2017 17:16
Надеюсь власти помогут семьям погибших.
Жауап беру
+ 0 Жаник 03.01.2017 17:20
Приношу соболезнования, и желаю выздоровления пострадавшим.
Жауап беру
+ 0 Луина 03.01.2017 17:20
Присоединяюсь к словам президента, скорбим вместе с вами.
Жауап беру
+ 0 Диана 03.01.2017 17:34
Иманды болсын, зардап шеккендердің жағдайы қалыпқа келеді деп ойлаймын жергілікті әкімшілік тарапынан.
Жауап беру
+ 0 Әсем 03.01.2017 19:21
Бұл оқиғаны бәріміз күйзеле естідік, отбасыларына сабыр берсін әрине.
Жауап беру
+ 0 Марат 03.01.2017 21:25
Әр азаматтың тағдырына елбасымыз ешқашан бейжай қараған емес, бұл жолы да солай болды
Жауап беру
+ 0 Асан 03.01.2017 21:26
Ажал айтып келмейді, бұл оқиға ешкім күтпеген тосын жайт болды, жақындары аман болсын
Жауап беру
+ 0 Парасат 03.01.2017 21:28
Қолымыздан келер шара жоқ әрине, артының қайырын берсін
Жауап беру
+ 0 саттар 03.01.2017 21:28
Бұл жайтқа Елбасымыз қатты көңіл аударып, шын жанашырлығын көрсетіп жатыр, мың да бір алғыс
Жауап беру
+ 0 дархан 03.01.2017 21:32
Абай болайықшы алдағы күндері, жазмыштан озмыш жоқ, бекем болыңыздар
Жауап беру
+ 0 даурен 03.01.2017 21:34
Бұл болған жайтқа біреуді кінәлау орынсыз, тағдырдың жазғаны болады
Жауап беру
+ 0 Махамбет 04.01.2017 11:35
Қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Мемлекет тарапынан ақшалай көмек беріледі бәріне. Тұрғындар ендігі кезекте сабыр сақтап, өздеріндегі қорқынышпен күресіп, адамдардың көмегін қабылдауы тиіс. Бұл жағдай біраз адамға сабақ болды. Енді акиматтағылар тыңғылықты жұмыс жасайды деп ойлаймын.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші