Б.Сағынтаев Шахандағы жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

06.01.2017, 18:12

Б.Сағынтаев Шахандағы жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

Б.Сағынтаев Шахандағы жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды Kapital.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шахан кентіндегі апатты жағдай салдарын жою барысы жөнінде уәкілетті органдарды тыңдады деп хабарлады Премьер-министрдің ресми сайты.

Ішкі істер министрі Қ. Қасымов пен Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков Үкімет басшысына төтенше жағдай салдарын жою бойынша шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы, сонымен қатар, апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туысқандарына көмек көрсету шаралары жөнінде есеп берді.

Премьер-Министр Ішкі істер министрі мен облыс әкіміне Шахан кентіндегі жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні кешке Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігінің опырылып құлағаны анықталды. Апат нәтижесінде 9 адам қаза тауып, екі адам түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда апаттан құтқару жұмыстары мен опырындыны ашу жұмыстары аяқталды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші