Б.Сағынтаев Шахан мен Шымкенттегі апаттарда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Б.Сағынтаев Шахан мен Шымкенттегі апаттарда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

10.01.2017 11:01
Б.Сағынтаев Шахан мен Шымкенттегі апаттарда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты primeminister.kz

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың алғашқы отырысын Шахан мен Шымкенттегі апаттарда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтудан бастады деп жазады Informburo.kz.

"Өкінішке қарай, жаңажылдық мерекелер күні елімізде бірқатар төтенше жағдайлар орын алды. Шахан елдімекенінде жылыту қазандығы жарылды. Салдарынан бес қабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлады. Кеше жылыту орталығындағы апат салдарынан Жезқазған қаласының тұрғындары мен өндіріс нысандары электр жарығынсыз қалды. Алайда, дер кезінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылу да, электр жарығы да жылдам халыққа қайта жеткізілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай күні кеше Шымкентте де орын алды. Өкінішке қарай адам шығыны бар. Қайтыс болғандардың туған-туыстарына Үкімет атынан көңіл айтамын", - деді Б.Сағынтаев министрлер кабинетінің алғашқы отырысын ашу барысында.

Үкімет басшысы аталған апаттар салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қарағанды облысының әкіміне және үкімет мүшелеріне тапсырма берілгенін айтты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші