Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті

16.06.2017, 16:23

Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Мемлекет басшысы Нобель сыйлығының лауреаттарымен және белгілі экономистермен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы дөңгелек үстел жиынына қатысушыларға 10-шы Астана экономикалық форумына келгендері үшін ризашылық білдірді.

– Сарапшылармен жүздесіп, әңгімелесу әрдайым аса маңызды әрі қызықты. Әсіресе, қазір әлемде елеулі өзгерістер болып жатқанда мұның маңызы зор, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық технологиялық даму зор қарқын алып отырғанына тоқталып, Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің тақырыбы өзекті екенін атап өтті.

– Көрменің арқасында Қазақстан жаңа технологиялардың дамуы тұрғысынан әлем назарын өзіне аударып отыр. Соған қарап қоршаған ортамыз қалайша түбегейлі өзгеріп отырғанын көре аламыз. Электромобильдерді, өздігінен жүретін көлікті, нанотехнологияларды, сондай-ақ жаңа энергия түрлерін біз футуристік дүниелер деп санайтынбыз. Қазір соның бәрі шындыққа айналуда, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ілгерілеуге ықпал ететін күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерге тоқталып, жаһандық проблемаларды шешу үшін күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

– АҚШ-тың Париж келісімінен шығатыны туралы мәлімдеме, Катардың төңірегіндегі жағдай орнықты дамуды күрделендіре түсті. Түрлі елдердегі экологиялық проблемалар, жаһандануға қарсылық үдерісі, көші-қон ағыны мен патернализм сауда жасауға, өзара қарым-қатынасқа және интеграцияға кедергі келтіруде, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында А.Квасьневский, С.Месич, С.Тимашев, Р.Чунг, Д.Френкель, А.Спицын, Д.Даокуи Ли, И.Саконг, П.Тичанский, Д.Перкинс, Д.Гарольд, Н.Талеб, Х.Бюркнер баяндама жасады.

Соңында Қазақстан Президенті дөңгелек үстел жиынына қатысушыларға әңгіменің мазмұнды болғаны үшін алғыс айтып, өзекті мәселелерді Астана экономикалық форумы барысында одан әрі талқылауды ұсынды.

Пікір   

Арай 16.06.2017 16:58
санаулы күннің ішінде бірнеше жақсы жобалар қатар болып жатыр Елордада. Негізі Экспо ның пайдасы көп боп тұр расымен
Гули 16.06.2017 17:00
Нағыз оқымыстылар мен өнертапқыштар жиналған екен ғой. Біздің өкілдер бар ма екен, қызық?
Мадина 16.06.2017 17:01
Біздің биылғы ЭКСПО да отандық жас ғалымдардың еңбектері қойылды дейді ғой. Сондай жастармен кездесу ұйымдастырса күшті болар еді
Динара 16.06.2017 17:04
Бала кезімде мен өз өзімді "Нобель" сыйлығының иегері деп таныстырып ойнаушы едім... Қызық. Бірақ, отандық сыйлықтарды алып жүрміз, Нобельге жетпесек те
Айгерім 16.06.2017 17:06
Экспо ның бергені де, берері де көп бізге. Ашылу салтанатында көзіне жас алмаған қазақ жоқ шығар

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші