ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

19.09.2017, 17:40

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Рамазанов Арман Қайырбекұлы берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне Құрманғалиев Әсет Қабиұлы тағайындалды деп жазады ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.

Әсет Құрманғалиев 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1993 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы «Қарағандыпромстрой» өндірістік автокөлік кәсіпорнында автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь болып бастаған. 1984-1986 жылдары – КСРО Қарулы Күштерінде әскерде қызмет еткен. 1990-1998 жылдары – кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.  

1998-2015 жылдары –  ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері, «Нұр Отан» ХДП құрылымдарында әр түрлі қызметте болған.

2015-2016 жылдары Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

2017 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып қызмет еткен. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші