Назарбаев Қанат Бозымбаевтың тағдырын шешті - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.10.2017, 11:32

Назарбаев Қанат Бозымбаевтың тағдырын шешті

Назарбаев Қанат Бозымбаевтың тағдырын шешті Қазақпарат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жанармай тапшылығының өршіп, бағасының шарықтап кетуіне байланысты сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақораның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды", - делінген Президенттің өкімінде.

Еске салайық, кеше Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жанармай нарығындағы дауды шеше алмағаны үшін ҚР Энергетика министріне сөгіс жариялауды Президентке ұсынған болатын. Ал, министрдің орынбасары жұмыстан қуылды.

Мұнан кейін журналистерге сұхбат берген Бозымбаев өз тағдырының Президенттің қолында екенін айтты. Осылайша, араға бір тәулік салып Президент Қанат Бозымбаевтың "тағдырын шешіп" тастады.

Пікір  

+ 0 Әсел 11.10.2017 14:39
Тиісті сала басшысы болғандықтан, жанармайға қатысты қалыптасып отырған жағдайды шешу қажет болатын Бозымбаев мырза. Енді сөгістен соң, өз жұмысына жауапкершілікпен қарар деген ойдамыз.
Жауап беру
+ 0 Зарина 11.10.2017 16:46
Мұндай қателіктерге жол бермес енді.
Жауап беру
+ 0 Қасқырбай 11.10.2017 21:29
Айдап шығу керек едi, басқасына сабақ болсын.
Жауап беру
+ 0 Жарылқас 12.10.2017 17:21
қызметтен әлдеқашан қуу керек еді
Жауап беру
+ 0 Мен 14.10.2017 21:01
Біріншіден, Бозымбаевтың ештеңесі кеткен жоқ.Екіншіден, Бозымбаевтың түк кінәсі жоқ.
Бұл халықты кезекті алдап-сулау. Осылай маңырап жүре берейік сүмірейіп.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші