Қазақстандық шенеунік Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған

14.11.2017, 10:24

Қазақстандық шенеунік Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған

Қазақстан Үкіметінің ресми өкілі Париждегі ең қымбат пәтерлердің бірін сатып алды. Қауіпсіздігі аса жоғары деңгейдегі жасалған үйдің бағасы 65 миллион еуро (75,8 млн доллар) тұрады екен. Бұл 2017 жылы Франция астанасында сатылған ең қымбат баспана деп жазады Mansion Global басылымы.

Зәулім үй Монтень даңғылында орналасқан. Жергілікті тұрғындар бұл ауданды Париждің "алтын үшбұрышы" деп те атайды. Бұл үйден Елисей алаңына дейін жаяу бірнеше минутта жетуге болады.

Сату келісімшартын бельгиялық танымал риелтор Игнас Мювиссен жасапты. Ол - ресейлік және посткеңестік елдердің бай-бағландарына Еуропадан баспана тауып берумен аты шыққан маман. Дегенмен, Мювиссен пәтерді сатып алған қазақтың аты-жөнін айтудан бас тартып отыр. Тек ҚР Үкіметінің ресми өкілі деп қысқа қайырыпты. Ал, пәтерді сатқан адам да бөтен емес, ол көрші Ресейдің танымал кәсіпкері.

"Сатушы - ресейлік инвестициялық компанияның басшысы, ол аталған көпқабатты зәулім үйден бірнеше пәтер сатып алып қойған. Бұл үйдің терезесінен тарихи Plaza Athénée қонақ үйі көрінеді. Инвестор пәтерлерін осыдан 3 ай бұрын 75 млн еуродан сата бастады", - дейді Мювиссен.

Қазақ шенеунігі сатып алған пәтердің жалпы аумағы 1200 шаршы метр. Онда 5 жатын бөлме, 5 жуыну бөлмесі, спа, қонақтарға арналған арнайы бөлме бар. Үйдің терезелері оқ өтпейтін шыныдан жасалған, күзетшілер үшін арнайы бөлме де қарастырылыпты.

Пікір  

+ +3 Семсер 14.11.2017 12:41
Наши не только квартиру, если надо весь Париж могут выкупить!
Жауап беру
+ 0 Канат Рапилбекович 14.11.2017 16:44
Это лидеры готовит
плацдарм после смены власти на наши деньги.Был бы настоящий казах болел за Казахстан а чужеземцы никогда не думает о благо народа только о благо своего состяние и детей и внуков. У всех кто сидит на верхушке по 2-3 иностранных гражданство и счета на оффшоре. Тот который кричит что вернет все деньги из оффшора его деньги там уже давно лежит
Жауап беру
+ 0 Гоша 14.11.2017 20:41
Ничего нового, они ещё и не такое вытворяют, а мы молчим.
Жауап беру
+ -1 АСЕМ 15.11.2017 10:37
Бүкіл Қазақтарға бөліп берсе сол біздің байлығымызды 65млн евро деген сұмдық ақшаны жане жеке көліктердің құнын қосып бүкіл 17млн халыққа кем дегенде3 млн айналар еді ғой шіркін баспанасыз қаңғыған отбасылар рахметін айтып риза болар едік ау ,қайран қазағым не боп барасың , Елбасы қайда қарап отыр ?Әйел азаматтарды шырқыратып 63 жастан зейнетке шығаратын болды 50 жастан соң ешқайда жұмысқа алмайды ,Қазақстанды тонап бәрі шетелге қашып жатыр ,намыс жоқ біздің еразаматтарда
Жауап беру
+ 0 жанна 15.11.2017 13:03
Рыба сгниет с головы, у власти сидят одни коррупционеры, в депутатах всю жизнь
сидят одни и те же лица, которые думают только о своем благополучии и о благополучии своих родных,
судьи, прокуроры беспредельничают, на них управы нет, нет дела до народа ни у кого.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші