Билік - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Билік

Бүгін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халықпен тікелей байланысқа шығып, атқарып жатқан жұмыстарына есеп берді. Ол өз сөзінде еліміздің солтүстік өңірлеріне, әсіресе Астанаға газ тарту жұмыстары басты назарда екенін айтты.

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында «Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы» - азаматтарды біріктірудің маңызды факторы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған облыс әкімі А.Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары бірлестігінің төрағасы Владимир Божко қатысты.

Биыл 1 маусымда ҚР Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев өңірлерде бейнеконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізеді. Іс-шара Астанадағы «Қазмедиа» орталығында сағат 11:00-де басталмақ.

ҚР Қылмыстық кодексінің 21 бабына азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза енгізіледі. Бұл жайында бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі болды деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд-Арабиясында «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді деп жазады Қазақпарат.

Қоғамда болып жатқан талай былықты көріп жүрміз. Бірақ, дәл мынадайды көреміз деп кім ойлаған? Қарағандыда спирттік ішімдікке тойып алып көлік айдаған экс-депутаттың ұлын қызметтен қуудың орнына оны аудан әкімі етіп тағайындады. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеп отыр.

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель қызметінен кетті. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалып отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады деп жазады Tengrinews.kz.

Биыл 28 шілдеде елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау науқаны өтетіні белгілі. Осынау саяси науқанда 16 депутат өздерінің мандаттарын сақтап қалмақ. Бұл туралы Қазақпарат тілшілері хабарлап отыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші