Билік - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Билік

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жемқорлық дерегі бойынша сотталған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов Президентке ашық хат жазып, Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінде бұрын жұмыс істеген әріптестерінің "былығын" жайып салмақшы. Бұл туралы адвокат Мұстахим Төлеев мәлімдеді.

Бұл жолы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банктен 25 миллиард теңге несие алғалы жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Ақшаға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық жүргіземіз дейді шенеуніктер. Министрліктегілер берешекті алу үшін Сенаттың келісімін алуға келген еді, депутаттардың көбі қарсылық білдірді.

Бүгін Үкіметте 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы талқыланды. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев болса жиынға қатысқан шенеуніктерге Құдайды қайдан іздеу керектігін айтып өтті.

Қазақстан Президенті Ош облысында лай көшкіні салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты деп жазады Ақорданың ресми сайты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысын бағалады, солардың ішінде көпбейінді аурухана, Жастарға қызмет көрсету орталығы және Талдықорған қаласының Оқушылар сарайы бар, сонымен қатар 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру барысы мен өңір мектептеріндегі үш тілде білім беруге ауысуға дайындық барысы туралы баяндамаларды тыңдады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, олармен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, экономиканы қайта реттеу және ырықтандыру, экономиканың жаңа салаларын, жаңа индустрияларды, сервистік экономика мен «қарапайым заттар» экономикасын ендіру мәселелерін талқылады. Бұл жайында Премьер-министрдің ресми сайтында жазылған.

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір әкімі А. Баталовтың Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратын тыңдады деп жазады Primeminister.kz.

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа өндіріс орындары ашылып жатқан «Талдықорған» индустриалды аймағының жұмысымен танысты, сонымен қатар6 аймақтағы тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша шаралар туралы есепті тыңдады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші