Бүгінгі сөз

Бүгінгі сөз

Бүгінгі сөз

sayasat.org

БҮГІНГІ ҚАЙРАТКЕРЛЕР МЕН КЕШЕГІ ДИРЕКТОРЛАР

Қай бір күні «Саясат-Monitoring» деген сарапшылар тобы «Время» газетінің тапсырысы бойынша әкімдердің маусым айындағы рейтингін жариялады. Рейтинг қорытындысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бірінші, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов екінші, соның алдында ғана блогерлер дейтін жұртты Сыр бойына шақырып, жайылып жастық, иіліп төсек болған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев үшінші орынға ие болыпты.

mk-kz.kz

ҚҰДИЯРОВАҒА ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРІ НЕГЕ ЖАҚПАЙДЫ?

Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деді ме екен, Анна Құдиярова дейтін психолог апайымыз қазіргі отбасылардағы ажырасудың себебін қазақтың сөз мәйегі – мақалынан іздепті. «Іздепті» дегеніміз бер жағы, қазіргі ажырасулардың басты себебі қазақтың нақыл сөздерінен депті бір сөзінде.

youtube.com

РЫСБЕК, РОЗА ЖӘНЕ БІР ТҮСІНДІРУІ КЕМ АБДУЛЛИН

Бір адамдар болады, сенімен мүлде араласы жоқ, саған қылаудай да зияны тимеген, сөйте тұра әлгіні суқаның сүймейді-ақ. Не үшін суқаның сүймейді, оны өзің де білмейсің. Әйтеуір жаратпайсың.

Тағы бір адамдар болады, саған ешқандай жақсылығы болмаса да соның сыртынан тілеулес болып жүресің. Құдайдан соның жаман қылығын көрсетпе деп тілейсің. Тіпті жолына құрбан болғың келетін сәттер де болады.

kaztube.kz

БІРЕУДЕН КӨШІРГЕНДІ ҚАШАН ҚОЯМЫЗ?!

Үкіметтен келіп түсетін заң жобаларының сапасы сын көтермейді. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында, сессияны қорытындылап баяндама жасаған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов осылай мәлімдеді.

kazakzaman.kz

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІНЕН БАСҚА ЖАНАШЫРЫ ҚАЛМАЙ БАРАДЫ

Бір елде басымырақ мән берілер, бір елде бұл мәселеге соншалықты мән де берілмеуі мүмкін, бірақ, қалай болғанда да идеологиясыз мемлекет болмайды. Идеологиясы жоқ мемлекет қан майданда қарусыз жүрген жауынгермен бірдей. Ал, осынау идеологиялық майданда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне артылар жауапкершілік жүгі орасан.

news.headline.kz

ӘКІМДЕР АТҚАРМАЙДЫ, ТАПСЫРАДЫ!

Бүгін еліміз бойынша тұңғыш рет мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтілуде. БҰҰ-ның 2002 жылы қабылдаған қарары бойынша осы күн мемлекеттік қызметкерлер күні болып жарияланып еді. Содан аталған ұйым оған мүше мемлекеттердің барлығына осы мерекені енгізуді ұсынған болатын. Бұл мәселе біздің елде осыдан екі жыл бұрын қозғала бастаған-ды. Мінекей, ант беріп атқаратын жұмысы үшін мемлекеттік қызметкерлер бір күнді мереке етіп бекітті.

НАЗАРБАЕВТЫҢ ОРНЫНА АНДРЕЙ...

Уважаемые жители Шымкента и всего Казахстана, давайте не будем покупать товары украинского производства, особенно товары компании «Рошен», которой владеет президент-убийца! Давайте не будем поддерживать этого убийцу!!! Также перестать покупать напитки компании Cocs cola и Pipsi co. Покупайте наш отечественные напитки, сладости и.т.д. Уважаемые предприниматели, пожалуйста, перестаньте закупать весь перечисленный американский и украинский товар!
Автор: Андрей.

yvision.kz

АРЫСТАРДЫ «ФАШИСТ» ЕТКЕН АУДАРМА...

Google-аудармаға мемлекеттік тіліміз қосылатын болды деп бөркімізді аспанға атқалы жүргенде, «ағылшыннан қазақшаға аударғыштардың» әупірімдерін көріп, аттан ауып қала жаздадық. Қазақтың тілі мазақ болмайтын күн болар ма екен дейсің осындайда. Мемлекеттік тілді қадағалайтын органдарымыздың бар екеніне шүба келтіресің...

kazakzaman.kz

«ОРЫС БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, АЛДЫМЕН ҚАЗАҚ БОЛ»

Біз, қазақ, істі қолға алмаймыз. Қолға алған екенбіз, ақырына жету былай тұрсын, асыра орындап тастамасақ, тыншып отыра алмайтын әдет бар. Бұрынғы КСРО кезінде жүз саулықтан жүз елу не екі жүз төл алған әдет әлі қалмаған... дейін десек, ол кездегі «план орындау» басқа да қазіргілердің «планы» басқа болып тұр. Ол уақыттағылар елдің пайдасы үшін деп, алдағы жарқын болашақ үшін деп бар жігерімен еңбектенді ғой. Сол кісілердің жан аямаған еңбегінің арқасында Қазақстан өнім мен өнеркәсіптен кенде болған жоқ. Мінекей, сол кездегі «планды асыра орындаудың» нәтижесі дегеніңіз осылай болатын. Сол «планды асыра орындау» бүгінгі шақта да сақталған. «Бірақ, оның өңі айналып кеткен ғой» дейсіз бе? Таласымыз жоқ.

aktau-business.com

ӘКІМНІҢ БӘРІ САЯСАТКЕР...

Бұрын ел үшін аянбай еңбек етіп жатқан басшыларды халықтың өзі аузынан тастамай мақтап отырушы еді. Мынау Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында сексенінші жылдардың ортасында Әбдірайымов деген бірінші хатшы болды.

inform.kz

АМЕРИКАЛЫҚ ҚАРАДОМАЛАҚ ҚЫЗ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ

Тәуелсіздік жылдарында тоғыз мыңдай бала шетелге кетті. Бүгінде солардың не күй кешіп жатқаны бір Құдайға аян. Артында іздеу-сұрауы бар екенін білдіріп жатқан ешкім жоқ. Ұлттық арнаның арнайы бағдарлама жасап, ел аралап шыққаны болмаса, одан өзге талпынысты байқар емеспіз. Осының өзі-ақ дүние тіршілігінде саудаға салынып кете барған кішкентайларымыздың тағдырына еш көңіл бөлінбейтініне мысал болса керек... Жуырда ғана бір америкалық отбасында ойға кіріп-шықпаған жаңалық орын алды. Бізге жеткен ақапарат бойынша, бесіктен белі шықпаған қос бүлдіршіннің жынысын ауыстырғалы жатыр екен.

alashainasy.kz

БАЛАМДЫ «ДІНТАНУҒА» БІЛ ДЕП БЕРДІМ...

Бұрын бір ауылда бір-ақ молда болушы еді. Қазір дінтанушылар мен молдалар Құдай біледі деп айтайық, әртістер мен тележүргізушілерден аз болса сәл-ақ аз шығар. Сөйте тұра Қазақстанда дін мамандары жетіспейді.

kaz.tengrinews.kz

АҚСАҚАЛДАРЫМЫЗ АБЫРОЙДЫ ЫСЫРЫП ҚОЙДЫ...

Бір өршіп барып тыншыған «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналына қатысты дау-дамай әлі бітпеген сияқты. «Біз соғысқан фашист Гитлерді мақтады» деп айыптап, бір топ соғыс ардагерлері журналға қатысты дау көтерген-ді. Артынан, біраз қоғам белсенділерінің араша түсуімен, сондай-ақ, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық соты журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбайға 120 АЕК көлемінде айыппұл салуымен іс тоқтағандай болған. «Аңыз адам» журналына салынған айыппұлды азырқанды ма, әлде біз білмейтін басқа да себептері бар ма, білмедік. «Гитлерді мақтап жазды» деп тағы бір топ ардагерлер сотқа шағымданып жатыр.

tengrinews.kz

БАТЫС. ОТЫРҒАН КЕМПІРЛЕР ОРНЫН ТАУЫП ЖАТЫР...

Батыс алжыды. Енді бүкіл Батыс жұртын тізе бүктіру үшін ешкімге де әуре боп соғыс ашудың қажеті жоқ, олар таяу болашақта өздері-ақ жермен жексен болмақ. Себебі адами құндылықтары қалмаған қоғамның одан әрі өмір сүруіне моральдық құқы болмайды.

alashainasy.kz

ОН МЫҢ ТҮЛЕК ОҚУҒА ТҮСЕ АЛМАЙДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы бері 2 күн ішінде 125 балл жинаған оқушылар да белгілі бола бастады. Алматыдағы №178 лицейдің түлегі Айғаным Әбдіжаппар мен Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның түлегі Әсия Марат қазірге дейін тест тапсырушылар арасында ең жоғарғы балды жинады. Енді олардың кез келген мамандықты таңдауына еркі бар. ҰБТ-ның бүкіл сұрағынан сүрінбей өткен қос оқушының қуанышына бүгінде бүкіл ел ортақтасуда. Дегенмен, бір кезде өз өзін өлімге қиюға дейін апарған емтихандық тестен қазірдің өзінде 10 мыңнан астам түлек өте алмай отыр. Демек, 10 мыңнан астам түлек биыл жоғары оқу орнына түсуден күдерін үзді деген сөз.

e-karaganda.kz

БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ҚҰДЫҚ ІЗДЕП КЕТПЕСІН...

Біздің елде не жұмыс жоқ, не істелінген жұмыс көзге көрінбейді.Кешегі кеңес өкіметінің кезінде әр гектардан пәлен центнер өнім алу үшін диқандар, әр саулықтан түген қозы алу үшін шопандар жанталасатын да жататын. Оған шахтерлар мен металлургтерді қосыңыз. Әйтеуір айналаның бәрі қайнаған қызу еңбек болатын. Ешкім бос жүрмейтін. Әгәрәки біреулер жұмыстан бой тасалап жүрсе милиция оны ұстап алып, алты айға немесе бір жылға Сібірге ағаш кесуге жіберетін. «Милициямен әкететін» дегенге тегін жұмыс істетеді екен деп қалмаңыз, әлгі арамтамаққа (ол кезде жұмыс істеуден қашатындарды дәл осылай атайтын) істеген жұмысына қарай еңбекақы төленетін. Елдің бәрі жұмыс істеп жүрген соң бүгінгідей бос сөзге, қысыр әңгімеге уақыт қалмайтын.

i-news.kz

АНА ТІЛІМ БАҚЫТСЫЗ БОЛСА, МЕН ДЕ БАҚЫТСЫЗБЫН

Тіл – тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі, қоршаған орта жайындағы түсінігі, қоғам мен адамзат туралы тұжырымы мен өмір жайында даналығы бар. Санының аздығы мен көптігіне қарамастан әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен күрделі жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесапаты мен кесірін тигізетіндерге лағынетін бейнелеген.

stanradar.com

БҰРХАНОВ СОНДА СӨЙЛЕДІ...

Біздің қоғамдағы ең қорғансыз топ – мұғалімдер екенін бүгінде екінің бірі біледі. Әйтеуір таңның атысы, күннің батысы сүрлігіп жүретін мұғалімдерге бәрінің әлі келеді. Оларды тексермейтін мекеме кем. Елдің бәрі білетін осы шындықты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов енді білген сыңайлы. Бұлай айтатын себебіміз ... Аталған депутат Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бүгін өткен отырысында «білім беру мекемелерінде болатын тексерістерді естен тандырарлықтай деп бағалауға болады» деп мәлімдеді.

nur.kz

«МҰҒАЛІМІҢНІҢ ҰРҒАН ҚОЛЫНАН СҮЙ»

Қай бір күні сөздің бір ығыты келіп қалғанда «біздің қоғам есінен адаса бастады» деген ойдың ұштығын аңғартқан едік. Әсілі, сол сөзді айтқан біздің де деніміз сау емес. Деніміздің сау емесін сезген себебіміз бұл күндері сол айтқандарымыз дәл келе бастады...

baq.kz

ДӘСТҮРІ ЖОҒАЛҒАН ҰЛТТЫҢ ӨЗІ ДЕ ЖОҒАЛАДЫ

2006 жылдың жазында Шығыс Түркістан өңіріне сапаршылап барғанбыз. Үрімжіде Тілеухан дейтін інішек бар. Алтайдағы Қабаның қазағы. Бокстан ауыр салмақта Қытайдың бірнеше дүркін чемпионы. Сондағы біраз ағайын Тілеуханды кәдімгідей ес тұтады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші