Дәулет - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Дәулет

Дәулет

inform.kz

ЭКСПО-НЫҢ ҒИМАРАТТАРЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ АЙНАЛАДЫ

Бүгін ЭКСПО-қалашығының құрылысымен танысқан ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің қонақүйлерін қазақстандықтарға арналған тұрғын үй ретінде пайдалану жағын да ойластыруды тапсырды.

zakon.kz

ОЛАР ТУҒАН ТОПЫРАҒЫН «САҒЫНАДЫ»

Шетелде қалған біраз қазақстандықтар туған топырағына орала алмай отыр. Ойлап қалмаңыз, әңгіме «оралман» деп алабөтен ат қойған шетелдегі ағайындар жайында емес. Туған топырағының киесін менсінбей кеткендер десек, бұл сөзіміз үшін ар-намыс кодексімен қарымын қайтарып алып жүрер... Сондықтан, жәй ғана шетелге демалуға кеткендер дей салайық... Айдың-күннің аманында сол «шетелге демалуға кеткен» 300-дей азаматымыз атажұртына қайта алмай отыр.

alashainasy.kz

ҮШЕМДЕРГЕ ҮЙ КЕРЕК немесе ЕСІМІҢІЗ КІМ?

Жақсылықтың нышаны шығар, кешелі бері Парламент халыққа шындап бұрыла бастағандай әсер қалдыруда. Алдымен тіл мәселесін көтерген депкорпус артынша тұтас ұлт мәселесін көтерді. «Өмірге бірден үш бала және одан да көп бала әкелген аналарға кезексіз пәтер беретін заң керек» деп көтерілген мәселені өз басым ұлт мәселесін шешуге жасалынған қадамдай қабылдадым. Бұл орайда әсіресе Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбиляновтың белсенділігі жоғары. «Өмірге үшем әкелген аналарға пәтерді жергілікті әкімдіктер мен жанашыр азаматтар беруі мүмкін. Бірақ, мұндай жағдайда алалауға жол беріледі. Сондықтан мұны заңдастыру керек» дейді депутат. Ал, оның әріптесі Алмас Нұртаев «тым болмаса оларға екі бөлмелі пәтер беруді қарастыру керек» деп мәселені одан әрі нақтылайды.

total.kz

ЕЛБАСЫ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙДЫ

Шілде айының 2-сі күні арнайы шара өтіп, онда Елбасы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің қорытындыларын тыңдайды. Шара барысында министрлер бағдарламаны сала-сала бойынша жіктеп баяндамалар жасауы тиіс. Сонымен бірге, телекөпір ұйымдастырылады деп күтілуде.

nur.kz

«ҚАЗТЕЛЕКОМҒА» АЙТҚАНДЫ «ҚАЗПОШТА» ЕСТІМЕЙ МЕ?

Бүгінде қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшері – 120 мың теңге шамасында. 30-40 мың теңгелік жалақыға күнелтіп, әлеуметтік тапшылыққа тап болып жүргендер жетіп-артылатын болса да Қазақстанда орташа жалақының көлемі әлгіндей. Осыдан кейін бұл қайдан шыққан дерек деп даурығатынымыз бар ғой. Даурығатын түк те жоқ. 30-40 мың емес, одан он есе, жүз емес, мың есе көп жалақы табатындар тұрғанда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы елдердің қатарына ене бермек.

alashainasy.kz

ҚЫМБАТШЫЛЫҚТЫҢ ЕШҚАНДАЙ ДА ҚҰПИЯСЫ ЖОҚ...

Астана мен Алматыда сатылатын бір пәтердің құны Еуропаның ең керемет қалаларындағы пәтерлердің құнымен бара-бар екені талайдан бері айтылып жүр. Орташа айлық жалақы, ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы үлесі, ең төменгі күнкөріс деңгейі секілді әлеуметтік жағдайдың негізгі көрсеткіштері керемет болып тұрмаса да Қазақстанда баспана бағасы өте қымбат. Сосын сатып алуға шамасы жетпейтіндер күдерін үзеді. Ал, үміті барлар үйленіп бала-шағалы болғанға дейін де, одан кейін де 2 бөлмелі пәтер алуға ақша жинаумен болады. Сол үшін біреулер бүкіл өмірінің төрттен бірін, ал біреулер жартысын арнап та жатады.

bnews.kz

МИЛЛИАРД ҚЫТАЙ БАСПАНАҒА БАС АУЫРТПАЙДЫ...

Халқы миллиардтан асып жатқан соң Қытайда адам және оның өмірі деген ұғым соншалық маңызды емес-ау. Бір отбасына бір бала тууға ғана рұқсат беріп отырған ел адам санын көбейтуге емес, мейлінше азайтуға жұмыс істеп жатыр. Адам санын азайта алмай отырғанда оның аман-саулығына бас ауыртып жатсын ба?!

skyscrapercity.com

EXPO-НЫҢ ШЫҒЫНЫ ӘЗІРГЕ 283 МЛН. ЕУРО

Елімізде 2017 жылы өтетін EXPO халықаралық көрмесіне қызу дайындықтар жүріп жатыр. Әлемдік деңгейдегі ірі көрмелердің бірегейі саналатын шараның ауқымы зор болғандықтан оған кететін шығын да аз болмайын деп тұр – 283 млн. еуро. Бірақ, осынша көп қаржы жұмсалғанымен, оны қайтарып аламыз дейді «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.

baq.kz

«ӨКІМЕТСКИЙ» ӨТІРІК...

Өтіріктің де түр-түрі болады. Ақ сөйлейік, айтушысы келіссе өтіріктен де жаның рахат табады. Марқұмның топырағы торқа болсын, біздің елде Байсақал деген кісі болды. Пойыз жолда істейтін. Зәуіде үйге келе қалса әке-шешеміздің «барыңдар, ойнаңдар!» дегеніне құлақ аса қоймай, сол кісінің әңгімесін тыңдағымыз келетін. Жарықтық, бір келгенінде желдей есіп отыр екен. 

alau.kz

«БӘРІНЕ БИТУМ КІНӘЛІ...»

Ғабит Мүсіреповтің отызыншы, не қырықыншы жылдары жазған, шопырдың басындағы жағдайды суреттейтін бір шығармасы бар еді. Әлгі шопыр кейіпкер жолда келе жатып көлігі тербелген сайын «шеш», «шешшең...» деп боқтайды екен. Он метр сайын шұңқыр, дөңбектен ығыры шыққан шопыр жолды боқтамағанда қайтсін?! Тура жолда келе жатқан көлігі қайта-қайта тепектеген соң шопыр да ықылық атқандай «шеш», «шешшең...» дей беріпті... Бұл Мүсіреповтің бір әңгімесіндегі кейіпкердің басындағы жағдай. Сонау 30-40-жылдардағы қазақ шопырының сол жағдайы бүгін де өзгерген жоқ. 2014 жылдағы қазақ шопыры да әлі күнге асфальт жолды сықпыртып боқтап жүр.

24.kz

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОР КІМ, ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕР КІМ?

Еліміз Кедендік одаққа кіруде отандық тауар өндірушілер үшін ауқымды нарық көздегені белгілі. Біздің кәсіпорындардың өнімдері 17 млн. емес, 170 млн.-дық нарыққа шығады деген мақсат болды. Кедендік төлемдер шектеліп, үш ел өзінше тауар айналымының жаңа формасына көшкен болды. Енді, осы экономикалық қатынастардың жетілген формасы – Еуразиялық экономикалық одаққа да қол қойып кірдік. Бірақ, шындығына келгенде біздің кәсіпкерлер осыдан пайда көріп отыр ма? Біз өз кәсіпкерлерімізді сыртқы «басқыншылардан» қаншалықты қорғай алып отырмыз?

tengrinews.kz

ДҮҢКІЛДЕП БАСТАП, КҮҢКІЛДЕП БІТТІ

Бізде қолға алынған істің дүңкілдеп басталып, күңкілдеп бітетін әдеті бар. Алып-алып жобаларға салынатын мемлекеттің пәленбай миллион, миллиард теңгелері артынша құмға сіңген судай іздеусіз, сұраусыз жоқ болып кетеді. Сөйтіп, жыл аяғындағы Есеп комитетінің есебіндегі мемлекет қаржысы тиімді игерілмеген жобалардың қатарына еніп кете барады. Бұлай дейтін себебіміз де бар.

tengrinews.kz

«КЕЛІМБЕТОВ, НАН ҰРСЫН ДЕШІ...»

Келімбетов «теңге девальвацияға ұшырамайды» деген сөзін міне, тағы қайталады. «Теңге тағы қымбаттауы мүмкін» дегеннің жай қаңғытпа сөз екенін айтқан Ұлттық Банк төрағасы әңгімені теңге тағдырына алаңдауға еш негіз жоқ дегенге әкеп тіреді.

news.nur.kz

АТЫРАУДЫҢ ӘКІМҚАРАЛАРЫ 14 МИЛЛИОНҒА «ОТЫРАДЫ»...

Біздің елде қара халықты қайдам, әкімқаралар қарапайым көлікпен жүрмейтін болған. 2001 жылы шыққан мерседесті сатып алған бір қазақтың төбесі көкке екі жетпей қалса, жетпей қалатын шығар... бірақ, әкімдер 2001 жылы шыққан көлікпен жүрсе, ескі көлікпен әлі жүрмін деп зар қағады. Сосын, тек тақтайдай тегіс жолдармен ғана жүретін «жұмыс барысы» үшін су жаңа көлік сатып алады. Сатып алғанда да қандай, астына мінер бір көлік үшін мемлекеттің миллиондаған қаражатын жұмсайды.

yvision.kz

КРАКОВ ҚАЛАМАҒАН ОЙЫН АЛМАТЫДА ӨТУІ МҮМКІН

Польшаның Краков қаласы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартты. Тұрғындар қолдай қоймаған соң халықпен санасқан жергілікті басшылық үлкен спорт додасын өткізу жолындағы бәсекеден бас тартуға мәжбүр болды. Краков қаласының басшысы Ячек Мачровски бұл жөнінде ресми түрде мәлімдеме жасады.

neftegaz.kz

ВЕНЕСУЭЛАДА БЕНЗИН АРЗАН...

Халқының әлеуметтік ахуалы қиын жағдайға түскен Венесуэла билігі бәрібір де елдегі бензин бағасын қымбаттатпайын деді. Дәлірек айтқанда, аталған елдің парламентінің депутаттары осындай бастама көтеріп жатыр. Мемлекеттің сыртқы қарызы шаш етектен болып, елдің басына түскен экономикалық ауыртпалық бел көтертпей тұрса да, билік бензин бағасын сол қалпында ұстауға бекінген.

inform.kz

БҰЛ – ЖОЛДЫҢ БАСЫ ҒАНА

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттермен кездесті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

thenews.kz

АСТАНА БАСПАНАНЫҢ ҚҰНЫМЕН ӨЛШЕНЕ МЕ?

Жер көлемі жөнінен әлем бойынша алдыңғы ондықтан орын алсақ та елімізде үй мен жер мәселесі ушығып тұр. Соңғы жылдар көлемінде сан рет қымбаттаған жылжымайтын мүлігіміз осы күні бизнестің де ең тиімді түріне айналған. Қалтасы көтергендер бірнеше пәтерді бір-ақ сатып алып, жалға беріп тастаған. Содан түскен қаржы үй-жайды түгел асырауға жетеді. Ал, қалтасы көтермегендер ай сайын тапқан азын-аулақ нәпақасын солардың қолына ұстатып отыруға әбден дағдыланған. Дегенмен, бұл мәселенің ықпыл-жықпылын кейін ақтарып жазармыз. Ал, қазіргі әңгіме бұл жайында емес.

kuplu.kz

АМНИСТИЯМЕН ҚАЙТҚАН АҚША ЖӘНЕ АЛАЯҚ...

Махафарид Амир Хосрави есімді ирандық милиардердің өлім жазасына кесіліп, о дүниелік болғанын бүкіл әлемнің ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Миллиардер бола тұра тағы миллиардтарға қызыққан байғұс банк жүйесінде «махинациялық» жолмен қаржы жымқырмақ болды деп айыпталған екен. Айыпталған Махафариданың өзі ғана емес, мемлекеттік биліктегі тағы үш сыбайласы да өлім жазасына тартылып отыр. Иран заңының тым қаталдығын қарамайсыз ба?! Бір мемлекеттің төрт бірдей тұлғалы азаматын осынша ең ауыр жазаға жегетіндей ақша болса бір жөн. Сондағы ұрламақшы болғандары – небәрі 2,6 миллиард доллар.

directindustry.com

ФРАНЦУЗДАР МАҢҒЫСТАУДА ҚҰБЫР ШЫҒАРМАҚ

«Vallourec&MannesmannTubes» француз компаниясы Маңғыстау облысында жапсарсыз құбыр шығаруды жоспарлап отыр. Аталған компания мұндай жобаны «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында құруға ниетті.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші