$ 444.32  473.33  4.76

Астанада баламалы энергияның жаңа көзі пайда болды

Smartflower жүйесі күн шуағын электр қуатына айналдыруға мүмкіндік береді. Мұндай қондырғы елорда подстанцяларындағы ауыртпашылықты әлдеқайда азайтады, дейді құрастырушылар.

Әзірге Астанада осындай екі қондырғы гүл пішінінде орнатылған,олар Ұлы дала даңғылы мен әуежайдан шыға берісте тұр.

Құрастырушылардың айтуынша, құрылғы Австрия технологиясы бойынша орындалған. Ноу-хауды орнату үшін қалалық бюджеттен қаржы қажет болмаған. Баламалы энергия көздері инвесторлардың қаражатына жасалған.

-Бұл қондырғы екі есе кВт энергия өндіре алады және ол энергияны қала желісіне жібереді. Осыдан энергияның электр қуатын үнемдейміз. Қала желісіндегі жүктемені жеңілдетеміз, қала қазынасы да үнемделеді, - деп хабарлады жоба жетекшісі Рүстем Қадыров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары