$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысында «Нұр Отан» партиясы 25 баланы ЭКСПО-ға жіберді

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұжымы 25 баланы Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне шығарып салды.

Облыстық мәслихат депутаты, партиялық куратор, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына зор үлесін қосып жүрген азамат Үсейін Касановтың демеушілігімен көрмеге тегін баруға мүмкіндік алған жас өрендердің қуаныштарында шек жоқ. Қолдарына сәтті билет ұстап, жүздеріне күлкі үйірілген жеткіншектер Елбасына, «Нұр Отан» партиясына алғыстарын білдірді.  Партиялықтардың атынан балаларды бұл қуанышты сәтімен облыстық филиал төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева құттықтап, балаларға билеттерін тапсырды.

Шараға арнайы шақырылған қонақ, актер, ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлдімғазы Райымбеков балаларға ақ батасын беріп, сәт сапар тіледі.

«Айналайын» балалар үйінің директоры Жадыра Еркінбекқызы өз кезегінде партиялықтарға шынайы алғысын білдіріп:

- Бүгін біз үшін ұмытылмас сәт, ерекше мерекелі күн болып отыр. Балаларымыздың арманы орындалып, Елордамызда өтіп жатқан көрмеге барып қайтуға мүмкіндік берілді. Қуанышымызды жасыра алмай отырмыз. Қасиетті Рамазан айында жасаған барлық игі істеріңіз Алладан қайтсын, жақсылықтың көші жалғаса берсін. Ал, балаларыма сәт-сапар тілеймін, - деп тілек білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары