$ 446.49  475.38  4.79

Астанада «Сақ мәдениеті» көрмесі ашылады

17 шілдеде ЕХРО-2017 Халықаралық көрме аясында Тәуелсіздік сарайының көрме залында «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Сақ мәдениеті» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрменің мақсаты - сақ мәдениеті мен мұрасын музейлік көрме мен қазіргі заманғы көркем интрепретация арқылы көрсету болып табылады. «Сақ мәдениеті» көрмесі «Алтын адамның құпиялары», «Пазырық кілемі», «Өрнек қорымдары» атты үш бөліктен тұратын болады.

«Сақ мәдениеті» атауымен өтетін аталмыш көрмеде келушілер «Алтын адамның» құпиясымен, Жетісу сақтарының жаңа табылған археологиялық олжаларымен, дүниедегі ең көне кілем болып табылатын «Пазырық кілемімен» және «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі, әйгілі археолог Б.Нұрмұханбетовке арналған фотокөрмемен таныса алады, дейді ұйымдастырушылар. 

Сақ мәдениеті дегенде біздің есімізге қазіргі Қазақ жерінің Алтайы мен Жетісу түседі. Ә.Ақышевтің айтуынша бұл туыстас сақ мәдениетінің кең жайылған, ру ароалық байланыстар берік орнаған «таулар белдеуі» болып табылады. Жалпы, сақ мәдениеті, мұрасы, тіпті «Алтын адамның» ашылу тарихы да толық зерттеліп бітті деп айта алмаймыз. Керісінше, жыл өткен сайын олар жаңа ғылыми деректермен толыға түсуде.

Алтайдан Қара теңізге, Жетісудан Арқаға дейінгі аралықты мекен еткен сақ-скифтер арттарына аса бай мұра қалдырды. Соның бірі Алтай тауындағы Пазырық қорымының бесінші қорғанынан шыққан кілем (Ресей федерациясы, Алтай Респбуликасы, Ұлаған ауданы) 1949 жылы ғалым-археолог С.И. Руденконың жетекшілігімен жүргізіліген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды. Кілем өлшемі 4,5х6,5 м. Кілем негізінен қалыңдығы 3 мм құрайтын орташа деңгейде басылған ақ киізден жасалған.

«Есік» қорық-музейінің археологтары да соңғы жылдары Жетісу жерінде біршама жаңа археологиялық зерттеулер жүргізіп, жаңа олжаларға кез болды. Солардың бір парасы «Өрнек қорымдары» олжалары да көрме қонақтарының назарына ұсынылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары