$ 447.4  477.55  4.76

"Шала қазаққа" ғашық болған америкалық ару 1 жылда қазақ тілін еркін меңгеріп алды (ВИДЕО)

Америкалық Джулия Маклейн жарты жыл бұрын қазақ жігіті Қаулан Құсайыновқа тұрмысқа шыққан болатын. Олар қазір ЭКСПО-2017 көрмесінде бірге ерікті ретінде қонақтарға көмектесуде. Көрме ұйымдастырушылары ерекше жұп туралы видеоролик түсіріпті.

Қаулан мен Джулия Астанаға осыдан бір ай бұрын Лос-Анджелестен көшіп келген. Екеуі де қазір қазақшаны еркін сөйлейді. Бірақ, Қытайда туып-өскен Қаулан үйінде "шала қазақ" тілінде сөйлесетінін мойындап отыр. Ал, Джулия болса Шымкент пен Щучинск қалаларынан мұғалім жалдап, небәрі 1 жылдың ішінде қазақ тілін еркін меңгеріп алыпты.

Қазір ерлі-зайыптылар ЭКСПО-ға келген шетелдіктерге көмектесіп жүр. Қаулан қытайлықтарға жол көрсетсе, Джулия ағылшын тілінен сабақ береді.

"Мен Қазақстанға ең алғаш рет алты жыл бұрын келгенмін. Сол кезде-ақ бұл елге деген махаббатым оянды. Оның үстіне, қазір Қазақстан менің күйеуімнің тарихи отаны. Ал, ЭКСПО секілді ірі жобаның бір бөлшегі болып, осында қызмет ету біз үшін үлкен мәртебе", - дейді америкалық келін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео