$ 448.56  478.03  4.79

Астана әкімдігі ЕХРО-2017 көрмесінің 2 айлық жұмысын қорытындылады

Астаналық әкімдікпен EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде түрлі жанрдағы және форматтағы 647 мәдени шараны өткізу жоспарлануда. Бұл туралы әкімдіктің медиа-орталығы мәлімдеді.

Халықаралық көрмені сәтті өткізуіне әкімдік жанында EXPO көрмесіне дайындық бойынша үйлесімді әрекеттер мен үлкен дайындық жұмысы септігін тигізді.

Қаланың әкімдігімен көрме аясында ұйымдастырылған шаралар белгіленген әрі бекітілген уақытқа сәйкес өткізілді.

Штабтың жұмысы негізгі 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды: құрылыс нысандарының уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету,; көлік және инженерлік инфрақұрылымды пайдалануға берумен қамсыздандыру; туристерді қабылдауға кәсіпорындарды дайындау; қаланы мерекелік стильде безендіру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, қоғамдық көлік қозғалысының және логистика кестесін әзірлеу; қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.  

«Бүгінде қаланың барлық қызметтері көлік қызметі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық жәрдем көрсету, туристік қызметтер сынды барлық салаларды қамтитын кешенді жоспарлар мен іс-әрекеттер аясында күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деді қала басшылығы.

Туризм

Көрме ашылғаннан бері елордаға 2,1 млн-нан астам адам келді, олардың 1,4 млн адамы – туристер. Теміржол вокзалдарының жүктемесі 60 пайызды құрайды, әуежайдың жүктемесі – 70 пайыз, туроператорлардың қызметіне сұраныс 78 пайызға артты.

6 ақпараттық дүңгешіктер құрылған, олар өз алдына қажетті қызмет көрсетуде, атап айтқанда 3 тілде жазылған ақпараттық жадынамаларды ұсынады.Туристік  Welcometoastana интернет-порталының қолданушылар саны екі ай ішінде 20 мыңға жетті, сайтқа кіру көрсеткіші 75 мыңды құрайды.

Елорданың тіршілік әрекетін үздіксіз қамтамасыз ету үшін және  штаттас тыс оқиғаларға әрекет ету бойынша жедел шешім қабылдау мақсатында Астана қ. әкімдігінің жағдаяттар орталығы құрылды. Орнатылған бейнекамералар елордадағы қылмысты төмендетуге септігін тигізді.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету

Қолданыстағы нормаға сәйкес елордада азық-түлік тұтыну көлемі күніне 1500 тонна азық-түлік өнімін құрайды. Көрмеге қонақтардың көптеп келуіне байланысты азық-түлік өнімдерін тұтыну 20-30 пайызға артты.

Осыған байланысты бағаны тұрақтандыруда жаңа тетіктер қабылданып, қалаға азық-түлік өнімдерін көптеп жеткізуде бірқатар шаралар қабынданды.  

Азық-түлік өнімдеріне бағаны бекіту мақсатында «Astana-ӘКК» ҰК» АҚ арқылы «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО-на 300 млн теңге көлемінде несие берілді. Қазір бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түліктің 49 түріне бағаны бекітті.

Қабылданып отырған барлық шаралар азық-түлік өніміне деген сұраныстың 30 пайыздан 80 пайызға артуына қарамастан бағаның өспеуіне көмектесті.

Көлік

EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу үшін жол-көлік инфрақұрылымын дайындау аясында 23,4  шақырымдық 11 көше салынып, 17,6 шақырымдық жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрме аумағында жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 50,2 шақырымдық жылыту жүйесі, 25 585 шақырым электр желісі және электрмен жабдықтаудың 3 нысаны салынды, «Жаңа жол» ҚС қайта құрылды. Жаңа тазалау құрылғылары мен жаңбыр кәріз жүйесінің құрылғылары  (коллекторлары) пайдалануға берілді

Оған қоса қоғамдық көліктің қозғалыс жүйесін жаңғырту бойынша елордада көрме аясында 7 қосымша Shuttle Bus маршруттары іске қосылды. Олар ЭКСПО көрмесін қаланың шет жақта орналасқан шалғайдағы аудандарымен байланыстырады. Жоспарланып отырған жолаушылар ағынына сәйкес, күніне 55 мың жолаушы есебінде автобустардың саны 142 қоғамдық көлікті құрады. Астана қаласының негізгі 12 көшесінде 37,55 шақырымдық Bus Lane арнайы жолағы енгізілді.

Қауіпсіздік

Ағымдағы жылдың 7 ай қортындысы бойынша тіркелген қылмыс саны 19,3%-ға төмендеді. Жалпы барлық түрлері бойынша азаю байқалады. Қолдыанылған шаралардың арқасында қылмыстың барлық санаты бойынша ашу деңгейі жақсарды. 

Бос уақытты ұйымдастыру

Астана әкімдігі тарапынан ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезінде әртүрлі формат пен жанрдағы 647мәдени шараларды өткізу жоспарланған. 10 маусымнан осы уақытқа дейін 51 ірі және маңызды шаралар өтті.

Кәсіпкерлік

2017 жылдың маусым-шілде айларына елорданың мейрамханаларынан, қонақ үйлерінен, қоғамдақ тамақтану орындарынан салық түсімі артқан және ол 462 млн.теңгеге жеткен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе немесе 105 млн. теңгеге көп.

Бұған қоса, кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері де өскен. 6 ай ішінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 143 084 бірлікті құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артық. 2017 жылдың 1 шілдесіне әрекет етуші ШОБ субъектісінің саны 96 242 бірлікке жетті. 

Медицина

Сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша жедел штаб құрылды. Көрме аумағында 7 медициналық пункті мен медициналық орталық орналасқан. Қала бойынша 7 қалалық медициналық мекеме және 7 республикалық клиника дайындалған. Жаңа орталық жедел жәрдем станциясы салынды. 

Жас туристер

10 маусымнан 2 тамыз аралығында көрмені 12 095 елордалық оқушы ата-аналарымен және 14 облыс пен Алматыдан 45859 оқушы келіп тамашалады. Олардың келу кезеңінде – күтіп алу, тұратын жерлеріне дейін жеткізу, көрмеге дейін жеткізу, экскурсиялар мен кері қайтару арнайы бөлінген жайлы автобустармен, жол полициясының шығарып салуымен орталықтандырылған жеткізумен қамтамасыз етілді. Аймақтардан келген оқушыларды тамақтандыру жатақханалардағы екі асханада және жақын маңдағы 4 мектептің асханасында қарастырылған.

Еріктілер

Ұлттық компанияның еріктілерінен бөлек, күнделікті 510 қалалық еріктілер жұмысы ұйымдастырылған. Күн сайын олар шараларды өткізуге және әуежайлар мен вокзалдарда күтіп алу міндеттерін атқарды. Барлығы шетел тілдерін меңгерген. Қалалық еріктілер штабы құрылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары