ЭКСПО дәмханаларындағы бағалар келушілерді «шошытты» - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.06.2017, 12:50

ЭКСПО дәмханаларындағы бағалар келушілерді «шошытты»

EXPO-2017 кешеніндегі дәмханалардың біріндегі бағалар келушілердің жағасын ұстатты. Қонақтардың бірі ас мәзірінің суреттерін әлеуметтік желілерде жариялауда деп жазады Объектив.kz.

Ас мәзіріндегі тағамдардан ешқандай артықшылықтар мен ерекшеліктерді таппайсыз. Алайда, бағалары бірнеше есеге қымбаттаған. Мәселен, Tayqazan дәмханасынан 1 стакан компот ішкіңіз келсе 1200 теңге төлеуіңіз қажет. Қарапайым сусындардың құны алкогольді сусындардың бағасымен бірдей. Ал, ыстық тағамдар туралы айтудың өзі артық. Мұнда қуырдақ - 6500 теңге, тауық етінен әзірленген палау 3200 теңге тұрады.

Дәмхана иелері шетелдік туристердің есебінен байып қаламыз деп есептесе керек. Алайда, ЭКСПО-ға келушілердің 95 пайызы Қазақстан азаматтары екенін естен шығармаған жөн.

«Көрменің халықаралық екенін түсінемін. Бірақ, өз азаматтарымыз жайында да ойлаулары керек қой. Өз халқыңның есебінен баю үшін бағаларды бұлай көтеріп жіберуге болмайды», — дейді фото авторы.

Ол сондай-ақ, ас мәзірінің тым жұпыны екенін де айтып отыр. Сорпа, лаңман, манты, қуырдақтан өзге тағам түрі жоқ көрінеді.

«Қымыз бен шұбат қайда, қазақтың ет тағамы қайда? Бізде тағам түрлері өте көп, неліктен шетелдіктерді ұлттық тағамдарымызбен тамақтандырмаймыз?» — дейді ЭКСПО-ға келген қазақстандықтардың бірі.

Пікір  

+ +1 Баглан 13.06.2017 14:53
Асханада дешевый менюма не
Жауап беру
+ +3 Миша 13.06.2017 15:54
Негізінде, ЭКСПО аймағында арзан бағада асханаларды табуға болады.
Жауап беру
+ +1 Левин 13.06.2017 15:56
Бағалар негізі сырттан келген қонақтарға арналған. Өйткені біз ЭКСПОға кеткен шығынды қалайда өндіріп алуымыз керек. Осы жағын ойлаңдар.
Жауап беру
+ +3 Айбек 13.06.2017 16:27
Өндіріп алуымыз керек деп елімізді тұрғындарын тонау жатпайды. Кезінде үнемдеу керек еді. Қаншама лауазымды тұлға ұсталды қаржыны жымқырғаны үшін
Жауап беру
+ +2 перизат 13.06.2017 15:58
Бұл Астана ғой, таңқалудың қажеті жоқ. Оданда еліміздің абыроймен көрмені өткізуін тілейік.
Жауап беру
+ -1 Гайша 13.06.2017 18:07
Арендасы оте кымбат болгандыктан, осындай бага койганга мажбур. Баскаша аренда шыгару онай емес.Улттык сусындармен, тамакты кобейту керек.
Жауап беру
+ 0 Гульнар 14.06.2017 10:01
Улттык тамақтарды көбейту керек Кымыз ет шұбат бауырсақ не бир қазақтың ұлттық тамак тары бар емес пе!
Жауап беру
+ +1 Даулет 13.06.2017 18:31
Астана депжурты тонау емес кой соган ьарарла ойланып бару керек еди гой улкен бага коямыз деген не маскара сонда бир самса 950 тен вокзалда 120 не маскара бул сонда багаларыныз жермен коктей и так жан жагымыздын ет онимдери баскада дакылдар экспо деп астанага кетип жатыр сондагы кара пайым халыкты ким ойлап жатыр. Сендер оздеринди ойлап жанжактарынды ойламайсындар. Не болган казактарга.
Жауап беру
+ 0 береке 13.06.2017 18:33
Ресторандардың бағасы мұндай болуы қалыпты менімше. Мысалы Золото ресторанында су 1400 тг тұрады.
Жауап беру
+ 0 көркем 13.06.2017 18:34
Бұл қарапайым жер емес, әоемнің мықтылары бас қосатын көрме, өзі бағалы болғандықтан қызметкерлер де қалыс қалмаса керек.
Жауап беру
+ 0 фархад 13.06.2017 18:37
шынымды айтсам өрескел ештеңе байқамадым. Басқа не күтіп едіңіздер?
Жауап беру
+ 0 Гакку 13.06.2017 18:41
ЭКСПО-ға барсаң тамағыңды арқалап бар деген сөз ғой. ЭКСПОНЫҢ билетінен де қымбат)))
Жауап беру
+ +1 Ерлан 13.06.2017 21:49
Бағасының соңғы нөлін алып тастасақ дұрыс бағасы шыгар еді.
Жауап беру
+ 0 аким 14.06.2017 02:15
Сондада дурыс емес. Не самсадан тусирген 800 тенгеге байып кетесиндерма. Уятко. Елимиз омиринде экспо жасай койган екен ал сиздер маскара кылып отсыздар тамакпен. Есептеп карасан 1 кг уннан 12 шт самсага слоеный тесто жасайсын. Ун кг 280 тг. Ет емес ишиндеги соевый фарш. 1200 тг турады ол 24 самсага кетеди. 70 пайызы жуа пияз. Кг 80 тг турады ол оз 48 шт самсага жетеди. Сонда сатушы 10 самсадан таза 8000 пайда кореди. Уятко мыналарын. Шетелдин багасына карап койган шыгарсындар долларме я баска валютамен есептегенсиндер. Болмайт ол негизи. Ертен елдерине барганда елимищди мактамайды олар. Аш адам канша жаксы нарсе корседе барибир иши ашып миы дурыс кабылдамайды корген затын. Бари ол ушин кызык емес. Так что халайык коп мактап кажети жок комерсанттарды. Барибир антисанитария условиясында жасалган заттар. Елимизди мактасын десендер ен болмаса ун мен етти, жане агарган онимди арзандатайык агайын.
Жауап беру
+ +2 Айжан 14.06.2017 02:54
Арендасы қымбат екенін біліп алды емеспе қымбат екен деп қарапайым халықтың қалтасын қағу керекпе.
Жауап беру
+ 0 зәке 14.06.2017 14:00
бұл экспо емес халықаралық базар болып кетті
Жауап беру
+ 0 Гулден 14.06.2017 17:19
Шектен шыкпандар бари Аллага аян! Ораза айында кишкене сауап жинан, сол акшамен байымассыз.
Жауап беру
+ 0 аноним 16.06.2017 17:58
рас айтады карангы казак озин ози тонап сумдык кой маскара уялмай ма
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші