Астанада ЭКСПО базасында халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

16.06.2017, 14:50

Астанада ЭКСПО базасында халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылады

Астанада ЭКСПО базасында халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылады expo2017astana.com

Бұл жайында Х Астана экономикалық форумы аясында өткізіліп жатқан «Болашақтың энергиясы және әлемдік энергия жүйесіндегі Қазақстанның рөлі» атты панельдік сессия барысында белгілі болды.

Сессия жұмысына мұнай-газ трансұлттық корпорацияларының, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары, ҮЕҰ, ұлттық компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттік орган басшылары қатысты.

- Қазақстан 2050 жылға дейін «жасыл» экономикаға көшу концепциясын қабылдаған Орталық Азия елдері арасындағы тұңғыш мемлекет. Концепцияның негізгі бағыттарының бірі – 2020 жылға қарай ІЖӨ энергия шығынын 25% дейін азайту және елдегі энергия теңгеріміне 2020 жылға қарай үлесі 3% құрайтын  баламалы, жаңғыртылатын энергия көздерін көптеп тарту, - деді Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Министр ЭКСПО-2017 базасында энергетика секторындағы трансформация, «жасыл» бизнеске көшу, «жасыл» технологияларға икемделу және трансферт, аталған саланың қаржысын дамыту мәселелерін шешуге бағытталған халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, маңызды шара барысында Қазақстандағы «Шелл» концерннің төрағасы Дункан Фон Берген және БҰҰ Даму Бағдарламасы энергетика кластерінің басшысы М. Алерс баяндама жасады.

Сессия барысында дәстүрлі энергия көздерінің әлеуеті бағытындағы мәселелер қозғалды. Спикерлер Қазақстанның ғаламдық энергетикадағы рөліне баса назар аударып, «жасыл» энергетика саласын дамыту тетіктері мен Қазақстан энергетикасының болашақ Картасын (futuremap) талқылады. Сессия қорытындысы бойынша Қазақстанның энергетика саласы алдында тұрған негізгі міндеттер айқындалып, стратегиялық шешімдердің сұлбасы дайындалды.

Болашақтың энергиясы - ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы.

Естеріңізге салайық, кеше, 15-маусым күні «Болашақтың «ақылды» әрі тұрақты қалалары» атты арнайы сессия барысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен БҰҰ даму бағдарламасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Маңызды құжат аясында қолайлы жағдайлар жасауға арналған бірлескен жобаларды құру көзделген. Нақтырақ айтсақ, энергия үнемдейтін іс-шараларды енгізу, «ақылды қала» технологиясы, басқару саласындағы инновациялар арқылы қала шаруашылығын орнықты дамытуға көшуді қамтамасыз ету.  

Елордада15-16 маусым күндері «Жаңа энергия – жаңа экономика» тақырыбында Х Астана экономикалық форумы өтуде. Биыл форум алаңында 100 елдің 4 395 өкілінің қатысуымен 40 панельді сессия өтіп жатыр.  Олардың арасында әлемдік экономикалық қауымдастықтардың танымал қайраткерлері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары және ғалымдар мен бизнесмендер бар.

Пікір  

+ 0 Шолпан 16.06.2017 17:15
Маңызды шаралар бір күнде өтіп жатыр ма? Бүгін Нобель лауреаттарымен де кездесу өткізілді деп оқыдым
Жауап беру
+ 0 Динара 16.06.2017 17:16
Экспо қалашығына жете алмай жатырмын. Бару керек еді. неше түрлі қызықты интернеттен оқып. қызығып отырмын енді
Жауап беру
+ 0 Жанар 16.06.2017 17:17
Пайдалы нәрсе ғой бұл. Біраз турист Астанада жүр қазір
Жауап беру
+ 0 Айгуля 16.06.2017 17:18
Негізі біздің тақырыптың өзі ауқымды ғой. Іске сәт
Жауап беру
+ 0 Нурдаулет 16.06.2017 17:19
Жақсы болған екен. Бір тақырып аясында бірнеше шара деген уақытты ұтымды пайдалану ғой
Жауап беру
+ 0 лаура 16.06.2017 18:27
экспо-ның аясында бұрын соңды болмаған оқиғалар орын алып, ойда жүрген көп мақсатқа жетіп жатырмыз. Бәрекелді.
Жауап беру
+ 0 дархан 16.06.2017 18:29
ЭКСПО-ның пайдасы мен тиімділіктерін айтып жатыр, оларын қайдам, бірақ қызмет көрсетудің сапасы мен үлгісін арттырып, өркениетке көш іргелілей түскеніміз анық!
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші