Назарбаев ЭКСПО-ға жұмсалған ақшаның орны толғанын айтты

14.09.2017, 16:46

Назарбаев ЭКСПО-ға жұмсалған ақшаның орны толғанын айтты

Назарбаев ЭКСПО-ға жұмсалған ақшаның орны толғанын айтты Ақорда

Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмсалған қаражаттың орны түгелдей толықты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

"Ешнәрсе зая кеткен жоқ. Жұмсалған қаражаттың барлығы келушілердің есебінен кері қайтарылды. Туристер Астананың қонақ үйлеріне, мейрамханаларына келіп қыруар қаражат тастап кетті. Бизнес жанданды, Астананың бюджеті толықты, кәсіпкерлер пайда тапты. Нысанның құрылыс жұмыстарына 1 400 компания қатысты. Менің ойымша, бұл барлық жағынан да тек пайда алып келген шара болды", - деді президент журналистермен болған кездесуде.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, қысқа ғана уақыт ішінде бүтін бір шағынауданның бой көтергенін маұтанышпен айтты. Оның пікірінше, көрме үшін салынған нысандар қаңырап бос қалмай, одан әрі де пайдаға асатын болады.

Еске салайық, 10 қыркүйек күні 3 айға созылған ЭКСПО-2017 көрмесі өз мәресіне жетті. Оған әлемнің 115 елі мен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге келушілердің жалпы саны 3 977 545 адам болды дейді көрмені ұйымдастырушылар.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші