Қазпошта ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттерін сата бастады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Среда, 02 ноября 2016 16:46

Қазпошта ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттерін сата бастады

Бүгіннен бастап  ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті Қазпоштаның 30 пошта бөлімшесінен (әрбір облыстық филиалдағы екі бөлімшеден), ал биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерінен сатып алуға болады. Бұл туралы көрменің ресми сайтында жазылған.

Айта кету керек, билеттерді сату көрменің соңғы жұмыс күні – 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылатын болады.

«ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Астана қаласында өтеді. 93 күн ішінде  85%-ын республика тұрғындары құрайтын 5 млн адам қатысады деп күтілуде. Біз Қазпоштаның арқасында ең шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына да көрмеге билет сатып алу мүмкіндігін ұсына аламыз», – деп мәлімдеді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

Пошта бөлімшелерінің операторлары электрондық билеттерді ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату бойынша ресми сайт – tickets.expo2017astana.com арқылы ресімдейтін болады.

«Біздің осы тектес қызметті ұсынуда тәжірибеміз бар. Қазіргі таңда біздің операторлар т/ж билеттерін, авиабилеттерді және т.б. сату бойынша агенттік қызметтерін ұсыну бағытында жұмыс жасауда», – деді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.

Қазпоштаның хабарлауынша, клиенттер күні белгіленген билеттерді жұмыс күндеріне 4 тың теңгеге және демалыс күндеріне 6 мың теңгеге ала алады. Ал күні белгіленбеген билеттерді жұмыс күніне 6 мың теңгеге және демалыс күндеріне 8 мың теңгеге ала алады. Билеттерді сату қолма-қол ақшамен де, төлем карточкаларымен де жүзеге асырылады.

Билеттерді сатып алынған орны бойынша қайтару қарастырылған. Күні белгіленген билет көрмеге барар күннің алдындағы күннің соңына дейін қайтарып алынады.

Жоғалтып алған жағдайда, билетті tickets.expo2017astana.com сайтында құрылған жеке кабинеттен басып шығаруға болады. Клиенттің жеке пошталық мекенжайы болмаған жағдайда, бірыңғай e-mail: expo_kassir@mail.ru көрсетіледі.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші