Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Четверг, 03 ноября 2016 16:27

Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов Фриули-Венеция-Джулия өңірінің Президенті Дебора Серраккиани мен Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Стефано Раваньян бар италиялық делегацияны қабылдады.

Ұлттық компания басшысы шетелдік қонақтарды Көрмені дайындау барысы жөнінен хабардар етті. Атап айтқанда, ол көрмеге қатысушы шет елдердің өкілдеріне алғашқы бес павильон мен тұрғын жайлардың табысталғандығы туралы айтты. А.Есімов қонақтарға  бүгінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша үлкен дайындық жұмысы жүргізіліп жатқандығын, нысандардың құрылысы аяқталуда екендігін және көрменің мазмұндық бөлігі ойластырылып, көрмеге келушілерді тарту бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқандығын хабарлады.

 «Егер сіздердің өңірлеріңізден көрмеге келетін туристер болып жатса, біз оған өте қуанамыз. Италиямен бізде мемлекеттік және өңірлік деңгейде өте жақсы өзара қарым-қатынас орнатылған. Біз Миландағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылық комитетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқардық және мен Джузеппе Сала мырзамен бірнеше мәрте кездестім. Біз сіздермен одан әрі ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді Ахметжан Есімов.

Фриули-Венеция-Джулия өңірінің Президенті Дебора Серраккиани ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыру үшін облыстың әлеуеті туралы әңгімеледі. Өңір Италияның 20 жерлерінің арасындағы халықаралық ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктері бар автономиялық бестікке енеді.

«Біз ЭКСПО-2017 көрмесінің энергетика тұрғысынан толтырылымы қандай болатындығын білуге және біздің көрмеде не көрсететінімізді шешуге өте қызығудамыз. Біздің өңірде жоғары оқу орындары мен ғылыми институттар көп. Олар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде өз жетістіктерін көрсете алар еді», - деп атап өтті Дебора Серраккиани.

 Фриули-Венеция-Джулия өзінің Удина университеті базасындағы дамыған ғылыми-зерттеу кластерімен, қалаларды басқару сандық технологияларымен, мәдени дәстүрлерімен, аграрлық азық-түлік кешенімен, машина жасау саласымен, сонымен қатар шарап өндірісі бойынша инновациялық технологияларымен атақты.

Бүгінгі күнге көрмеге қатысатындықтарын 105 ел, 17 халықаралық ұйым растады, 88 қатысу келісімшартына қол қойылды. Италия Республикасы көрмеге қатысатындықтарын растаған, шартқа қол қойған және ұлттық павильон комиссарын тағайындаған алғашқы елдердің бірі болды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші