"ЭКСПО-2017" ғимараттарының бірі қирап қалды (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Среда, 16 ноября 2016 17:15

"ЭКСПО-2017" ғимараттарының бірі қирап қалды (ВИДЕО)

Астанадағы EXPO-2017 аумағындағы құрылыс нысандарының бірі қирап қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқыс оқиғаның себеп-салдары әлі анықталып жатыр.

Бұл ақпаратты "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов та растап отыр.

"Декоратив көпірдің бір бөлігі бар еді, ол расында опырылды. Бұл бүгін, 16 қарашада бірнеше сағат бұрын болып отырған жағдай. Себептерін әзірше білмеймін. Бұл ғимаратты BI Group компаниясы салып жатыр. Олар енді жобалаушыны шақырды, құрылыс бөлігін қайта қалпына келтіретін болады", - деді С.Куянов.

Оның айтуынша, ұлттық компаниядағылар ғимаратты әзірше пайдалануға қабылдамаған. Сондықтан, бұл мәселені енді мердігерлер өз қаражатына қайта қалпына келтіруі тиіс.

Құрылысты жүргізіп жатқан BI Group компаниясының өкілдері болса нысанның соншалықты бүлінбегенін айтып отыр. Дегенмен, куәгерлер түсірген видеоматериалдан ғимараттарды жалғап тұрған үлкен шыны көпірдің түгелімен қирап қалғанын анық көруге болады.

"2016 жылдың 16 қарашасында, сәрсенбіде шамамен сағат 13.10-да EXPO-2017 павильонында көпір құрылысының бір бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Құрылыстың опырылу себептері анықталып жатыр. Бұл жобаның бас мердігері - BI Group холдингінің еншілес кәсіпорны. Жоба басшысы Ибрагим Жекеевтің айтуынша, көпір құрылысы қатты бүлінген жоқ", - дейді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Апат салдарынан құрылысшылардың бірі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгенін айта кетейік.

Медиа

Пікір  

+ 0 рахат 16.11.2016 17:47
пазор
Жауап беру
+ 0 петя 17.11.2016 14:02
қазақ жамандасам өзіме тиеді
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші