А.Есімов Назарбаевқа ЭКСПО көрмесіне дайындық барысын баяндап берді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

А.Есімов Назарбаевқа ЭКСПО көрмесіне дайындық барысын баяндап берді

17.11.2016 16:23

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде А.Есімов Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алғашқы нысандар тыпсырылуға дайын, соның ішінде жалпы көлемі 285 мың шаршы метр болатын халықаралық павильондар бар.

– Франция, Германия, Қытай, Монако және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр, – деді А.Есімов.

Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарының іс-шара өткеннен кейін де пайдаланылуы қажеттігіне, сондай-ақ қатысатын еріктілерді дайындау, мәдени іс-шаралар өткізу, республика өңірлерінің қатысуы, халықаралық көрмеге отандық туристердің тарту мәселелеріне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жыл соңына дейін Қазақстан павильонының құрылысын аяқтау және оны тиісті тақырыпқа сәйкес мазмұндық тұрғыдан толықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.  

А.Есімов ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы барлық іс-шара жұмыс режімінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінде еріктілердің 3 мыңы дайындықтан өткен, қосымша тағы 1,5 мың еріктіні іске тарту көзделуде.

Мемлекет басшысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және халықаралық көрмеге қатысушылар мен қонақтарды орналастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы бүгінгі таңда іс-шараға қатысушыларға берілетін 1 374 пәтердің дайын екенін хабарлады.

Мемлекет басшысы бүкіл әлемде болып жатқан күрделі экономикалық үдерістерге қарамастан маңызды халықаралық іс-шара өткізуді жоспарлап отырғанымызды айтты.

Соңында Елбасы көрмені лайықты өткізіп, содан кейін Қазақстанда оның жетістіктерін пайдалану қажеттігін атап өтті.

– Бізге шетелдік қатысушылар көрмеде көрсететін жаңа инновациялық технологияларды барынша пайдалану қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші