Оңтүстікқазақстандық өнертапқыштар жаңа құрылғыларын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Оңтүстікқазақстандық өнертапқыштар жаңа құрылғыларын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнады

22.12.2016 22:16
Оңтүстікқазақстандық өнертапқыштар жаңа құрылғыларын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнады

Мақтааралдық өнертапқыштардың тың туындысы көпшілікті еріксіз таң қалдырып отыр деп жазады «Хабар-24». Өйткені құрылғы тез құрастырылады және ірі өндіріс орындарына қажетті электр энергиясына дейін өндіруге қауқарлы. Олардың бұл жобасы ЕХРО көрмесіне де қойылуы мүмкін.

Қос механизатор бүгінде нағыз конструкторға айналған. «Майға малынып, күліштен басқаны ұстамаған қолымыз қаламмен сызу сызып, тіпті формуланы да жаттап алуға тура келді», - дейді өнертапқыштар. Оларға баламалы қуат көзін өндіру туралы ой егіс алқабында тер төгіп, еңбек етіп жүргенде келіпті. «Жіпке ілініп тұрған целлофан пакет ақырын соққан самалға тербелді. Содан бастап өкпек желден электр энергиясын өндіруді қолға алдық», - дейді олар.

Жұмабек Тәкібаев, өнертапқыш:

- ЕХРО-ға біз өз үлесімізді қосқымыз келді. Ауыл шаруашылығындағы шопан, диқандарға тоқ көзі керек. Олар генератордың көмегімен су тартуы керек. Алқаптарды суарулары қажет. Жерасты суларын тартуы керек. Оларға тоқ көзін жеткізу қиын әрі қымбатқа түседі. Сондықтан біз осыны ойлап таптық.

Төрт жылда жүздеген сызба сызып, көз майларын тауысқан. Ақыры соңғы байламға тоқтапты. Діңгекке шығыршықтармен тігінен алты қалақша ілінеді. Олар желдің күшімен айналады. «Ал, діңгектің астыңғы жағына орнатылған үш генератордың тұтастай өндірісті жарықпен қамтамасыз етуге күші жетеді», - дейді өнертапқыштар.

Бір ерекшелігі, құрылғы тез құрастырылады, сосын оған қажетті заттардың барлығы отандық. Сұранысқа қарай шағын және көлемді етіп жасай беруге болады екен. Тек өкпек жел болса болғаны.

Бір ерекшелігі, құрылғы тез құрастырылады, сосын оған қажетті заттардың барлығы отандық. Сұранысқа қарай шағын және көлемді етіп жасай беруге болады екен. Тек өкпек жел болса болғаны.

Дәненбай Әбуов, өнертапқыш:

- Бұл енді шалғай ауылдарға, электр энергиясы жетпейтін шопандарға, геологтарға және тағы басқаларға, қажет жерлерге пайдалануға болады. Жоба өте қарапайым, құрастырылуы оңай, жергілікті материалдан жасауға болады.

Қарапайым трактор жүргізушілері тың туындыларын патенттеп алыпты. Әзірге бұндай құрылғының баламасы жоқ және экологиялық тиімді. «Ең бастысы, оның бағасы шаруаларға қолжетімді болады», - дейді өнертапқыш.

Дәненбай Әбуов, өнертапқыш:

- Бағасы миллион теңгедей ғана. Ал оның өндіретін тоғы мыңдаған есе көп.

Өнертапқыштар тың туындысын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап отыр және оны ЕХРО-ға жолдапты. Қолдау тауып, сұраныс болып жатса, сызбаны дайын өнім етіп шығармақ ниеттері бар. Тек әзірге оларға қаржы қолбайлау болып отыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші