Экспо-2017

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жалғасуда. Күн сайын мұнда түрлі елдердің күндері өтіп, көрме қонақтары сан-алуан мәдениетпен танысып жатыр. Күні бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев та осынау кешенге келіп, Беларусь елінің павильонында қонақта болды.

Жасыратыны жоқ, соңғы кезде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің шығынын есептейтіндер көбейіп кетті. Көрме құрылысына кеткен қаражаттан бөлек 3 ай бойы Астанада қойылатын концерттер мен оған келетін шетелдік өнер жұлдыздарының көптігі расымен де кез-келген адамды ойландыратыны заңдылық. Өйткені, бүкіл Ресейдің эстрада жұлдыздары, Еуропа мен Америкадан келетін әншілер мен өнерпаздар Астанаға тегін келіп концерт қоймайды.

Бүгін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысын ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің жұмыс мәселесін шешіп берді. Еске салсақ, қыркүйектің 10-на Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталады.

Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy-ның» екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстік аймақтың дархан даласында пісіп жетілген жеміс-жидектер шараға келушілерге тегін таратылып, бір сәт арқа-жарқа күйге енді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.

«Мамандар ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған энергетика саласында 100-ден аса жаңа технологияны қарастырды», - деп хабарланды қалалық Энергетика басқармасының мамандары.

Астанадағы ЭКСПО-2017 кешеніндегі мейрамханалар мен дәмханалардың саудасы қызу жүріп тұр. Көрме басталған уақыттан бері қонақтар 131 миллион теңгеге тамақтанып кетіпті. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасы мәлімдеді.

Астана әкімдігінде елордалық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев құқық қорғау органдарының бірінші жарты жылдықтағы қортындысы туралы баяндады.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілдері қазақстандық туроператорлар қауымдастығының өтінішін орындай алмайтынын мәімдеді.

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентіне «ЭКСПО-2017» көрмесінің өту барысы жөнінде баяндалып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін нысандарын пайдалану туралы ұсыныстар айтылды деп хабарлайды Akorda.kz.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші