Н.Назарбаев Астананың жасыл белдеуін аралады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Н.Назарбаев Астананың жасыл белдеуін аралады

03.07.2017 15:51
Н.Назарбаев Астананың жасыл белдеуін аралады

Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананың жасыл белдеуі мен Бурабай орманын қосу бойынша тапсырма толығымен дерлік орындалды. 2016 жылы отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 73 мың гектардан асты.

Галерея изображений

-Жыл сайын мен елорданың аумағында орман шаруашылығын дамыту бойынша тапсырманың қаншалықты орындалып жатқанын тексеріп,  қараймын. Бұған дейін біз орманның батыс аумағына отырғызылған көшеттерді көрсек, бүгінде бұл үрдіс орманның шығыс бөлігінде қалай жүзеге асып жатқанын көрдік. Алдымен ағаштардың түрлі сұрыптағы жиынтығы, орманның ортасына қарағай, шырша, аққайың секілді ағаштар отырғызылады. Әрі қарай орман өзі гүлдеп-өніп, ағаштар мен жасыл-көк көбейеді. Бурабай орманына жасыл белдеудің қосылуы толығымен дерлік жүзеге асты. Қазір біздің басты міндетіміз– орманды қайта түлетіп, ағаш-теректерді отырғызу, қаланы қоршаған 80 мыңжылдық орманды дамытуымыз қажет, - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Жасыл белдеуде» 2020 жылға дейін үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда. Бірінші: орманды алқапта егу жұмыстарын бастау, бұл орайда 2016 жылдан бастап бұл жерде 2,1 млн ағаш көшеттері отырғызылды. Екінші бағыт – қала аумағында 29 676 гектерға дейін бос жерлерде орман алқаптарын жасау. Үшінші бағыт - елорданың жасыл белдеуін дамыту үшін рекреациялық аумақтарды жасау.

-25 жыл ішінде орманның аумағы кеңейді. Бұл жерде 20 шақырымдық велосипед жолдары, демалыс орындары бар. Ең бастысы бұл орман біздің таза ауамен тыныстауға мүмкіндік беретін еліміздің «өкпесі». Бұл орман біздің ұрпағымыз үшін жасалып отырған сый, мәңгілік мұра. Астана қаласының тек іші ғана әдемі емес, сондай-ақ шаһар айналасы мен сырты да сұлу келбетті. Қалада 15 мың ағаш отырғызылды, жаңа ботаникалық бақша, көптеген алаңдар пайда болады. Халық ағаштар мен теректерді сындырмай, жасыл-көкті жұлмай,  табиғатты, орманды аялап, сақтап қалу керек, түрлі апаттар мен өрттен қорғап қалулары тиіс, - деді Мемлекет басшысы.  

Президент сондай-ақ қырғауылдарды жіберу рәсіміне қатысты. 

«Жасыл белдеу» – Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан, Астана қаласының іші мен оның маңайындағы аймақтарды абаттандыру жобасы. Мақсаты – қаланың өзінде және оған жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру және оны сақтау.

Мемлекет басшысы бастамасымен Астанада 1997 жылдан 2013 жылға дейін отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құраған. Олардың шамамен 15 мыңы қала аумағында, қалған 55 мыңы қала сыртында. «Астана – Бурабай» автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа ағаш егілді.

Орманның ішінде алғаш отырғызылған ағаштардың биіктігі 15-20 метрге көтерілді. Бұл, біріншіден, халықтың демалатын жері болса, екіншіден, жазда ыстықтан сая, қыста желден қорғайтын, қаланың климатын өзгертетін үлкен мүмкіндік.

Кәсіби орманшы болмаса ажырата алмайтын сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек секілді ағаштар жапа-тармағай өскен. Бұлардан өзге, неше түрлі жидектер де өсуде.

Астана қаласы маңындағы жасыл белдеудің жалпы аумағы 14 827 гектарды құрайды. Оның 11 502,2 гектарына екпе ағаштар отырғызылған. Бұл аумақта 9,6 млн.ағаш пен бұта жайқалып тұр. 1998-2004 жылдар арасында негізінен жапырақ тұқымдас көшеттер отырғызылыпты. Олардың ішінде сары қарқат, ақ көріктал, шие, татар бөріжидегі, қаужапырақты шегіршін және басқалар бар. 2014 жылы көктемде тамыр жүйесі жабық 398 434 дана сеппе көшет отырғызылған. Оның 57 мыңдайы қылқан жапырақты болса, қалғаны орман құраушы жапырақты ағаш тұқымдары болып саналатын емен, шегіршінді құрайды.

Мұндағы өсімдіктердің шамамен 9,6 миллионы ағаш және 1,9 миллионы бұталар.

Мұнда жан-жануарлар әлемінің де өкілдері жетерлік. Атап айтқанда, жасыл белдеу аумағында қоян, түлкі, қарсақ, шіл мен қырғауыл мекендейді. Алты жылдың ішінде 8 083 қырғауыл өсірілді. Аң-құстарды одан әрі көбейту және дамыту мақсатында жасыл белдеу аумағына 6 033 аң-құс жіберілген. Қазіргі кезде вольерде 210 аналық құс пен 1800 балапан бар. Қырғауылдар мекендейтін ареалдың мониторингі олардың жыл сайын жасыл белдеу аумағына таралып, табиғатта белсенді көбейіп жатқанын көрсетті.

ФОТО: Bnews.kz

Пікір  

+ 0 Жасулан 03.07.2017 21:55
Қала аумағында 29 676 гектерға дейін бос жерлерде орман алқаптарын жасау деген жақсы шешім деп ойлаймын. Орман болса, ауа да тазарады.
Жауап беру
+ 0 Кайсар 03.07.2017 21:59
Расында, егер Астананы қылаң орман қоршап тұрса, жел де болмас па еді...
Жауап беру
+ 0 Камиля 04.07.2017 12:47
Қайсар, бұл атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы соның аясында жасалып жатыр деп білемін. Жалпы болашақта орман саны мен ауқымы арта түсетін болар.
Жауап беру
+ 0 Айдос 03.07.2017 22:03
Ормандандыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқаны көрініп тұр. Өткен жылы отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 73 мың гектардан асыпты.
Жауап беру
+ 0 Жандос 04.07.2017 12:46
Жылдан жылға Астана маңы жасыл желекке оранып келеді. Жасылп жатқан жұмыстар жетерлік.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші