Дәурен Абаев «Батырлар жолы» картинасының түсірілім алаңына барды (ФОТО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

31.08.2017, 11:58

Дәурен Абаев «Батырлар жолы» картинасының түсірілім алаңына барды (ФОТО)

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсіріліп жатқан «Батырлар жолы» телехикаясының түсірілім алаңына арнайы барды. Министр мен журналистердің назарына Көлсай өзенінің маңында түсіріліп жатқан картинаның ең қызықты сәттері ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға шығармашылық топтың бұған дейінгі жұмыстары да көрсетілді.

«Елбасының тікелей тапсырысымен біз отандық телехикаялардың санын ұлғайту бойынша жұмыстарды күшейттік. Бұл картиналар әртүрлі жанрда болады, дегенмен бағасын көрермен береді. Осы жылдың күзінен бастап халық тарапынан оң пікірлер мен жақсы әсер болады деген үміттемін. Отбасыға деген махаббат, отбасы құндылықтары, яғни, Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясында айтылған құндылықтардың барлығы басты назарға алынды» - деп ойымен бөлісті Дәурен Абаев.

Туындыда оқиға желісі XVII ғасырдың басында қазақ билері мен сұлтандары өзара тартысып жатқан тұста басталады. Ел басқарар бір адамның болмауы мен халықтың әлсіздігігінен қазақ жеріне қалмақтар мен ойраттар тарапынан шабуыл көбейді. Осы қиын-қыстау кезеңдегі батырлардың батылдығы мен ерлігі елдың рухын көтеріп тастайды. Сонымен қатар картинада мемлекет тұтастығының маңызы, өзара тартыстың соңы жақсылыққа алып бармайтындығы сөз болады. 

Телехикая осы жылдың соңында көрсетіледі деп жоспарлануда.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші