Мінбер - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Мінбер

Мінбер

inform.kz

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСҚАРМАЛАР БӘРІМІЗДІ ТАҢҚАЛДЫРДЫ

Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында әркім де екі еселенген сауапқа кенелгісі келеді. Өзге айларға қарағанда осы айда жасаған қайырлы істердің сауабы молынан жазылатын болғасын ел басқарып отырған кісілерден бастап елге танылған кәсіпкерлерге дейін ауызашар беріп тұрады. Жоқ-жітіктер үшін әлеуметтік тұрғыда жәрдемдерін де көрсетіп жатады. Мұндайда ел басқарған адам (біздің жағдайда әкімқаралар) еліне деген қамқорлығын білдіруді көздейді десек, қалталы азаматтар Құдай алдындағы парызын өтеген болады.

ҚАСІРЕТТІ КОМЕДИЯ

Өмірде естіген жанды есінен тандырар оқиғалардың күнде болмайтыны сияқты, өнерде де күнде құбылыс бола бермейді. Өнердегі құбылыс Уақыт пен Талантқа тәуелді. Базбір сыншылардың қазақ әдебиеті мен өнерінен өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарында орын алған әлеуметтік зор сілкіністерді қайта-қайта іздей беруі және қанша іздесе де таба алмауы осы Уақытқа келіп тіреледі. «Күні жеткен әйел күшенбесе де туады» деп ұлы Мүсірепов айтпақшы, шедевр дүниелердің уақыты келгенде оны бірде-бір цензура, бірде-бір бюрократиялық тосқауыл тоқтата алмайды. 

kaz.tengrinews.kz

ҚОСТАНАЙДЫҢ ШЕНЕУНІКТЕРІН ҚАЙТА ОҚЫТУ ҚАЖЕТ

Қостанайлық шенеуніктер жергілікті тұрғындарға дер уағында қызмет көрсетпейді. Облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі төмен. Көптеген құжат рәсімдеулер себепсіз созылып кете береді. Тіпті, оларға қарапайым әдептіліктің өзі жетіспейді. Мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты жергілікті халық арасында жүргізілген сауалнама осындай қорытындылар көрсетіп отыр.

nur.kz

МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕДЕЛІ МӘШИНЕГЕ ҚАРАП ҚАЛСА...

Осыдан біраз бұрын шенеуніктердің қымбат көлікке құмартып кеткені жөнінде бірнеше мақаламыз жарияланған болатын. Миллиондаған қаражатқа қымбат көлік сатып алуды жыл сайынғы әдетіне айналдырған мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы билік орындары бүгін Елбасының алдында ақталып бақты.

thenews.kz

ҮКІМЕТКЕ РЕНЖІМЕҢІЗ, АҒА

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, оның жұмысы аяқталған соң депутаттар каникулға кетті. Алайда, депутаттар демалысқа жәй кете салған жоқ, кетіп бара жатып, мінез көрсетіп кетті.

nur.kz

ОН ФЕРМЕРМЕН ӨТКЕН ЖИНАЛЫС...

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қазақ едік баяғыда. Қазіргі өнердің құны қанша екені өз алдына... Қазіргілер жиналыс десе жаны қалмайтын күйге жеткен. Жиналыс дегенде бар тіршілік тоқтай тұрады. Қыстың көз қырауында не жаздың аптап ыстығында бір мекеменің бастығын іздеп барсаңыз не орнында жоқ болады, не жиналыс өткізіп жатады. Сонша жиналыстың бәрі пайдаға асып жатса Қазақстан әлдеқашан гүлденіп те кетер ме еді?!

diapazon.kz

ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖЫН ИЕКТЕЙ БАСТАДЫ

Кеше азанымен айран-асыр болдық...
Жұмысқа келе салып сайттарды бір ақтарып шығу кәсіби әдетіміз. Сол әдетімізбен жаңалықтармен танысуды бірінші Қазақпараттан бастағанбыз. Әріптестеріміздің Ақтөбеден ілген жаңалығы елең еткізді. Бұл ақпараттың айтуынша Ақтөбеде облыстық әкімдіктің алдында оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты шара өтіпті. Онда жыл бойы үздік оқу нәтижесін көрсеткен және ҰБТ-ны сәтті тапсырған түлектерге планшеттер мен... жеңіл көліктер табыс етіліпті. 

youtube.com

АҚОРДАЛЫҚТАРҒА ҚАРА БАЛА ӘН ШЫРҚАЙДЫ

Елорда күніне орайластырылған мерекелік шараларға миллионға жуық қазақстандық қатысады. Шараны ұйымдастырушылар осындай болжам жасап отыр. Ал, миллионнан астам қазақстандықтың назарына мазмұнды әрі қызықты бағдарламалар ұсынылмақ екен. Мазмұнды да қызықты бағдарламалардың қатарында Akon мен Nelly Furtado да ән шырқамақ.

newskaz.ru

АСТАНАДА «ГЕОЛОГТАР КӨШЕСІ» КӨП

Жыл сайын жөнделіп жатса да тозығы жетіп шыға келетін Астананың сапасыз жолдарына қатысты Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов сын айтты. Жол жөндеу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жатса да шұрық-тесігі таусылмайтын Елордамыздың жауыр көшелері жайлы Мәжіліс депутаты мәселе көтерді.

astana.gov.kz

АСТАНАНЫҢ ЖОЛДАРЫ АСТАН-КЕСТЕҢ...

Күн жылына Астананың көшелерінің астан-кестеңі шығады да жатады. Қашаннан осы. Адамдар да оған үйреніп алған. Бірлі-жарым жүргізушілер болмаса ешкім оған ренжи бермейді. Шамасы «астана болған соң осылай болуы керек» деп ойлайды.

shymkent.otyrar.kz

«ЖАУДАН» 26 015 ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ТӘРКІЛЕНДІ

3 маусым, 2014 жыл. 
«Тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер аудиториядан шығарылды. Тест тапсырушылардан 5 962 ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация табылды».

kalaisyn.kz

БІЛІМ ДОДАСЫ МА, ПИҒЫЛ ДОДАСЫ МА?

Мектеп бітірген түлектер мен олардың ата-аналарын әбден әбігерге түсіріп, әлек ала келетін ҰБТ дүбірі де басылды. Он бір жыл алған білімін таразыға салатын ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарына әр түлек өзінше дайындалды. Бір байқағанымыз, жыл өткен сайын сынақтан сүрінбеудің оңай жолын іздегендердің қатары артпаса кемитін емес. Сынақ кезінде «бап шаппайды, бақ шабады» дегенді ұстанымға айналдырғандар небір қитұрқыға баруда. Аудиторияға телефон, «шпаргалка» алып кіруге тыйым салынса да бұл жолды айналып өтуге әрекет жасайтындар көп. Ата-аналар балаларының мектеп қабырғасында дұрыс білім алуын қадағалаудың орнына түрлі айла-тәсілді меңгеруге баулуда. Бір жағынан мұндай қадамға баруға кітап кеміріп, күндіз-түні тыңғылықты дайындалған, шашасына шаң жұқпайтын жүйріктердің де тиісті ұпай жинай алмауы себеп болса керек. Әрі мектеп қабырғасында жақсы оқыған түлектердің басым көпшілігі «уақыт жетпеді» деп өз уәжін алға тартады.

inform.kz

МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН МИНИСТР ЖЕҢДІ

Жеңістің үлкен-кішісі болмайды. Мәселе кімді жеңгендігіңде емес, қалай жеңгендігіңде. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің бұл күндері айдарынан жел есіп тұр. Ол мектеп-гимназияны биыл ғана бітірген Айнұр Серік деген түлектен кешірім сұратты. Жеңіс деп осыны айт!

news.kaznmu.kz

БІЛІМ ІЗДЕП КЕТКЕНДЕР БҮЛІКШІ БОП КЕЛМЕЙ МЕ?

Жоғары оқу орындарының саны жөнінен Қазақстан ешбір елден кем емес. Студенттер саны немесе сол студенттерден шығатын ғалымдарды қайдам, бірақ, ЖОО-лар саны жөнінен әлемнің қай елімен де тайталасуға бармыз. Осы дерек ерсі көрінген болу керек, екі жыл бұрынғы білім министрі Бақытжан Жұмағұлов 149 ЖОО-нын 136-ға азайтамыз деп бастама көтерген. Кейін оны тағы жүзге дейін азайту көзделді. Егер жаңылмасақ, қазіргі уақытта елімізде 111 ЖОО жұмысын жүргізіп отыр. Бірақ, осынша жоғары оқу орнымыз бола тұра жыл сайын жиырма мыңдаған мектеп түлектері оқуға түсе алмай қалады. Мектеп бітіргенімен тестке қатыспай қалатындары және бар... Сонымен бәрі қосылып, біраз жасөспірім үлкен оқусыз қалады. Бұл енді өзінше бір тақырып. Біздің айтайын дегеніміз басқа мәселе...

otyrar.kz

СЕГІЗ ҮЙДЕГІ СЕНДЕЛІС...

Әлемнің кез келген бұрышында өздеріне деген асқан сенімділікпен талтаңдап жүретін америкалықтарға «Торнадо!» дей салыңызшы, баяғы тәкаппарлықтарынан түк те қалмайды, бір-ақ сәтте кәк етіп қойған баланың кейпіне түседі. Биылғы жылғы 10-13 мамыр аралығында Шымкентте болған алапат дауыл да оңтүстікқазақстандық шенеуніктерді сең соққандай етіп жіберді. Айналасы үш күннің ішінде 272 миллион 515 мың теңге зиян көрсе сең соққандай болмағанда қайтсін?!

newtimes.kz

ӘЛИЕВТІҢ АҚЫРЫ...

Еліміздің құқық қорғау органдарынан қашып жүрген экс-дипломат Рахат Әлиев кеше кешке Австрия астанасы Вена қаласында ұсталды деп хабарлайды «Newtimes.kz». Өз еркімен қолға түскен Әлиев енді құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеуге ниетті.

inform.kz

...ТҮСІНБЕДІК, МЕРКЕЛЬ МЫРЗА!

Өсек-аяң айтқаны үшін заңмен жауапқа тартатын заман да келіп жетті. Үш ұйықтағанда түсімізге кіріп шықпайтын мұндай заңның басқа елдерде бар-жоғын қайдам, біздің елде Иоган Меркельдер қабылдап тастады. Онымен қоймай, Меркель мырза енді тағы бір түтінді бықсытты. Егер айтқан сөзіне өзі түсінетін болса, соған да шүкір дегелі отырмыз. Әйтпесе, анадай «терең де ойлы» сөзді түсінуге біздің миымыз жетер емес.

tengrinews.kz

«ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН» ҚИЫН БОП ТҰР...

Парламент қарауына ұсынылған Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасы сенаторлардың сынына ұшырады. Жоғарғы палата депутаттарының айтуынша, жаңа Кодекс қазақ тіліне дұрыс аударылмай, кей сөздерге дұрыс балама қолданылмаған.

ktk.kz

ГЕНЕРАЛДЫҢ АЛДЫНДА ҰЯТҚА ҚАЛДЫ

Ақтөбедегі болашақ ұшқыштар даярлайтын әскери институт курсанттары генералдың алдында ұятқа қалды. Жұртшылықты өзгеше өнер түрімен тамсантқысы келген курсанттар әйгілі Майкл Джексонның әніне билемекші болған. Алайда, бұл келеңсіз әрекетке дегбірі шыдамаған генерал кенеттен айғайлап, концерттік нөмірді тоқтатып тастаған.

inform.kz

РЕСЕЙ КОНСУЛДЫҒЫН КЕҢЕЙТКІСІ КЕЛЕДІ

Ресей елі Маңғыстау облысындағы консулдығын ұлғайтуды қалайды. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен аталған елдің Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников кездесуінде осы мәселе кеңінен сөз болды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші