Нұрлы жол - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Нұрлы жол

Астанада салынып жатқан жаңа теміржол вокзалына «Нұрлы Жол» деген атау берілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында хабарланған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі аптада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрген болатын. Мемлекет дамуының басты тетіктері көрсетілген аталған еңбекте «Қазақстанның рухани жәдігерлері» деген жобаның жүзеге асатыны туралы айтылған. Аталған мақаланы талдаған ҚР Мемлекет хатшысының пікірінше, осынау жоба ұлтты ұйыстырудағы стратегиялық міндетті орындауға бағытталған.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың пікірінше, қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуі «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндігі. Бұл туралы ол ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдау барысында жазды.

Пятница, 14 апреля 2017 16:59

Озық ойдың жемісі

Елбасының «Егеменде» жарық көрген мақаласы бәріміздің көкейімізде жүрген арман-мақсаттың үстінен дөп түсті десек, артық айтқандық емес.

Пятница, 14 апреля 2017 15:59

Ұлтқа тасталған ұран!

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күні кеше жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын астын сызып отырып үш қайтара оқып шықтым. Сосын «бұл тек мақала емес, келесі кезеңдегі ұлттық дамуымыздың тұғырнамасы!» деп қабылдадым. «Идеология жоқ!» деген сөз жиі айтылады, меніңше, ендігі жердегі идеологиялық бағытымыз осы құжатпен тікелей байланысты болу керек! Бұл – әбден пісіп-жетілген, ел күткен ең ірі оқиға!

Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайы» ғимаратында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар өтті.

Алматы облысында Үшарал əуежайының құрылысы қызу жүріп жатыр. Биылғы шомылу маусымында демалушыларға Алакөлге ұшақпен қатынау мүмкіндігі туады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобалардың жұмыс барысын тексерді деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты. Бүгінде өңірде дәл осындай 21 ірі жобаның жүзеге асып жатқаны белгілі. Оның ішінде, көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі республикалық бағдарламалар аясында 11 жоба бар.

Биыл Қазақстаннан Еуропаның ірі бірнеше қаласына тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Алматы облысының туризмін дамытуда инвесторлардың қызығушылық танытып отырған нысандарының бірі - Алакөл жағалауы. Мәселен, өткен жылы облыста жеке инвестордың қаржысы есебінен құны 3,6 млрд. теңге болатын 43 туризм нысаны іске қосылса, соның ішінде 30 нысан Алакөл жағалауында пайдалануға берілген. Жалпы саны 1297 орынды 1 қонақ үй, 4 демалыс базасы, 7 демалыс үйі, 18 мейманхана Алакөл маңында бой көтерген. Бұл туралы Алакөл ауданында өткен туристік әлеуетті дамыту туралы көшпелі брифинг барысында облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шынтаев айтты деп жазады zhetysu.gov.kz.

Страница 1 из 113

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші