Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


29.05.2017, 20:05

Негізгі міндет – жұмыссыздар санын азайту

Vlast.kz

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын модернизациялау мәселесіне баса көңіл бөлді. Осыған сәйкес, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары мегаполистің жұмыссыздықпен күресі жайлы айтып берді.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша дәстүрлі салаларда заманауи технологияларды енгізу күн тәртібіне қойылған. Ал  бұл міндетті орындау кезінде туындайтын алғашқы мәселе – қызметкерлер біліктілігі мен сапасын көтеру.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның үш бағыты бар. Алғашқысы – жаппай оқыту, білім беру. Мұнда ҰБТ кезінде шекті балды жинай алмай қалған түлектер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелеріне, жалпы саны 2500 адамға екі жарым жыл бойы техникалық және кәсіби білім беріледі. Ол үшін студенттердің ай сайынғы шәкіртақысы мен бір уақыт тамақтану бағасын қоса есептегенде 495,8 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, 29 жасқа дейінгі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген жастарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту курсына қабылданатын адамдар саны 500-ден 922-ге дейін артып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова: «Жұмыс берушілер сұранысына сай мамандықтар саны да 27-ден 43-ке дейін көбейді. Оқу қаланың 9 білім орталығында өткізіледі. Оқу бағдарламасының ішіне негізгі мамандықты меңгеруден бөлек, ағылшын тілі мен кәсіпкерліктің негізін үйрету, сандық сауаттылықты арттыру міндеттері де кіреді. Бұл үшін 144,8 млн теңге қарастырылды», - дейді.

Екінші бағыт бойынша 227 адамға шағын несие беру жоспарланған. Бұған бюджеттен 1 006,8 млн теңге аударылған. Несие кәсіпкерлік негізі бойынша курстан өткен адамдарға ғана беріледі. Негізгі талабы – жаңа жұмыс орындарын көбейтуге үлес қосу. Мерзімі – 7 жыл. Қазіргі уақытта үшжақты – Алматы әкімдігі мен Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі арасында келісімшартқа қол қою дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы бағыт шеңберінде бірнеше міндет жүктелген. Мәселен, 3000 жұмыссыз немесе өзі-өзі жұмыспен қамтушы азаматқа қоғамдық жұмыс берілді. Олардың ай сайынғы еңбекақысы қырық мыңнан асады. Оған қоса, 640 адамға әлеуметтік жұмыс орындары дайындалды.

«Үшінші бағыт бойынша жастар тәжірибесіне қатысты жұмыспен 531 адам қамтылды. Олар қолына 45 мың теңге көлемінде жалақы алады. Еңбек нарығында технологиялық сауаты жоғары жастар санын көбейту – негізгі міндетіміз. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса бермек. Қазірдің өзінде бағдарламаның жақсы нәтижелерін байқап жатырмыз», - дейді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Матанқызы.

Г.Сембиева

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.