Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


31.05.2017, 08:58

Алматыдағы жолдардың сапасы жақсарып келеді

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы нәтижесінде Алматы қаласындағы жолдардың сапасы айтарлықтай жақсарып келеді. Бұл туралы қалалық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр. Мәселен, биыл Алматыда 250 мың шаршы метр жол сапалы жөнделіп, 97 мың шаршы метр тротуарлар мен 130 бекет алаңдары қайта жасалады және жаңартылады.

Жол жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге, соның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге, тротуарлар мен бекет нүктелерін жөндеуге 500 млн теңге, орташа жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.

Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Сонымен қатар, жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.

Атап өтерлік жайт, жолдарды жөндеу жұмыстарында заманауи техника пайдаланылады. Асфальт төсейтін жаңа машина 8 тонна асфальт дайындап, оның температурасын 180 градуста сақтай алады. Бұл техниканың ерекшелігі ол қыс кезінде де жолдарды жөндей береді. Болашақта осындай бірнеше техника сатып алу жоспарлануда. Биылғы жылы жалпы құны 574 млн теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.

Биылғы жылдың өткен айында Алматы қаласы әкімі қала жолдары мен инженерлік коммуникацияларды жөндеу бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бауыржан Байбек көшпелі жиын барысында аудандар әкімдері мен басқарламалар басшыларының назарын екі маңызды мәселеге - жұмыстың сапасы мен уақтылы орындалуына аударды.  Кезекті жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек қалалық инженерлік коммуникацияларды жаңарту жұмыстарын да тексеріп көрді. Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев биылғы жылы 172 қазу жұмыстарының жүргізілетінін баяндады. Жұмыстардың барлығы тұтынушыларды электрден, жылудан, судан ажыратпай жүзеге асырылады. Бақылауға алынған 66 қазылған орлардың жыл қорытындысы бойынша 40-ы бұрынғы қалпына келтірілді, 26-ы өтпелі. Арнайы құрылған жұмысшы тобы 30 нысаннан ақау тапты.

Айдана Нұрмахан

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.