Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


29.06.2017, 12:49

Бауыржан Байбек Алматының үздік тауар өндірушілерін марапаттады

Алматыда 1,5 мың мың өндіріс орындары арасында өткен «Қазақстанның үздік тауары» атты 11-ші өңірлік байқау-көрмесінің жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Отандық жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жұмсақ жиһаз, көлік, өндіріс жабдықтары және басқалары арасындағы бәсеке «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар», «Халыққа қажет үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш номинация бойынша анықталды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жүлдегерлерді құттықтап, конкурсқа қатысқандардың барлығы өз саласының көш бастаушылары екенін, олардың тек мегаполистің ғана емес, жалпы Қазақстан индустриясының дамуына үлес қосып жүргендерін, оған дәлел 45 мың адам жұмыс жасайтын қала өндірісінің тұрақты дамып келе жатқаны екенін атап өтті.

«Мегаполис өндірісі 5 ай ішінде 4,6%-ға өсіп, 340 млрд. теңгенің өнімін шығарды, өнім өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 9 млрд. теңгеге жетті. Өткен жылы қала кәсіпкерлері инновацияға өздерінің 12 млрд. теңге қаржысын жұмсады. Осының барлығы Мемлекет басшысы саясатының игі жемісі», - деді Б.Байбек.

Ол өзінің сөзінде қазіргі заманауи кезеңде төртінші өндірістік революция барысында жаңа технологияның қарышты дамып, сандық технологияның алдыңғы сапқа шыққанын, соның арқасында сапалы тауарлар өндіріліп, қайта жаңғыру мен технологиялық жарақтануға инвестицияның кеңінен тартылатынын айтты.

«Алматыда 30 маусымда «Индустрия 4.0» атты VI Инновациялық форум өтеді, мұнда инновациялық экожүйе мен Smart City технологиясын енгізу талқалынады. Форум, бүгінгі шара сияқты – кәсіпкерлеріміздің жетістігін көрсететін әрі тәжірибе алмасатын, өндіріс интеграциясын кеңітетін алаң. Биылғы жылы нарық олимпінде жаңа компаниялар мен брендтер жарқырап көрінді, дегенмен жеңімпазды анықтайтын тек қана тұтынушы», - деді мегаполис әкімі.

Сонымен, байқау барысында үш номинация бойынша бірінші орындарды радиациялық бақылау қондырғыларын шығаратын «СОЛО ЛТД» ЖШС, киім тігетін «Angelcher» ЖШС, «Ет өңдейтін «Бижан» зауыты» ЖШС жеңіп алды. Кейін өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында Алматынының намысын 9 компания (әр номинацияда үш жүлделі орын) қорғайтын болады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.