Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


21.06.2017, 23:21

Алматы қаласы ДДСҰ-ның «Салауатты қалалар» жобасына мүшелікке өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар» қатарына қабылданды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбектің ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабпен болған кездесуі барысында айтылды.

Тараптар Алматы әкімдігінде бас қосып, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сонымен қатар биылғы жылдың қазан айында оңтүстік астанада өтетін алғашқы Медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық конференцияға дайындық туралы әңгімеледі.

«Халықтар арасындағы урбанизацияға орай денсаулықты тұрақты дамыту барысында мегаполистердің рөлі артуда. Еуропада «Саламатты қалалар – Здоровые города» бағдарламасы 20 жылдан бері жүзеге асып, қоғамдық денсаулық сақтау мүддесінің тұғырнамасына айналған. Жалпы, бұл бағдарлама халықаралық мәртебеге ие және Алматының бұл жобаға Орта Азия мегаполистерінің ішінен алғашқы болып қосылғанына қуаныштымын. Бұл ел басшылығының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қағидаларын қолдайтындығын көрсетеді», - деді Жужанна Якаб.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру шарасының енгізілуі медицналық қызмет көрсетудегі маңызды қадам деді ол.

«Осыдан 40 жыл бұрын Алматыда алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудің Халықаралық Декларациясы қабылданған еді. Мен биылғы мерейлі конференциясының жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Конференция ең үздік сарапшылардың басын қосып, шынайы ғаламдық сипат алатын болады. Халықаралық конференцияны өткізу білім трансфертіне ғана емес, сонымен қатар қосымша экономикалық ынталандыру көзіне айналады», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры.

2015 жылы әлем бойынша бірінші рет Алматыда алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының офисі ашылған еді. Осылайша, Қазақстан алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірінің орталығына айналды. Алматы офисі құрамына 54 ел енетін ДДСҰ Еуропалық өңірі жаһандық деңгейіндегі денсаулық сақтаудың бастауыш бөлігінде жетекші рөл атқарады.

Еске салайық, күні кеше алматылық дәрігерлер өздерінің төл мерекелерін атап өтіп, қала әкімі Бауыржан Байбек оларға лайықты марапаттарын тапсырған болатын. Аталған мерекелік жиын «Салауатты Алматы – салауатты алматылықтар» деген ұранмен өтті.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.