$ 447.4  477.55  4.76

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ОҚО-да қарқын алды

Халықтың әлеуетін арттыру үшін қалталы азаматтарымыз де қолдарынан келгенін аямау керек. Мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлерді ел экономикасын дамытуға үлес қосуға осылай шақырған болатын. Яғни, үлкен бизнес иелері халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың салынуына атсалысулары керек. Мәжбүрлі түрде емес әрине, тек патриоттары ғана, халыққа жаны ашитындары ғана.

Бүгінде Елбасының бұл ұсынысы бүтін бір бағдарлама айналып отыр. Мемлкееттік-жкееменшік әріптестік деп аталатын бұл жоба аясында айналдырған бірер жыл ішінде көптеген аурухана мен балабақша, тіпті шағын мектептер де бой көтерді. Яғни, нысан құрылысына кететін шығынның жартысын мемлекет, қалғанын кәсіпкер өз қалтасынан төлейді. Есесіне, билік өкілдері кәсіпкердің құрылыс жүргізуіне көптеген жеңілдік қарастырған. Салық, коммуналды төлем түрлерінен босатылып, жер телімін алуда да кедергілерге тап болмайды.

Дәл осы бағдарлама аясында биыл және келер жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 7 бірдей нысан бой көтереді екен. Олардың жалпы құны 4,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінде өткен жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. Оның айтуынша, аталған 7 нысанның ішінде үшеуінің құрылысы басталып та кеткен. Олардың екеуі балабақша болса, бірі 500 орынға лайықталған емхана. Бұдан бөлек әкімдік тағы 11 нысанның құрылысына конкурс жариялап қойыпты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде жалпы республика бойынша мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жобаларды іске асыруда 5-орынға тұрақтапты. Сондай-ақ өңір басшысы аталған жобаларды іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын барлық сала басшылары мен   мәслихат депутаттарына тапсырды. 

«Қазіргі таңда Елбасымыз еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту жолында барлық жағдайды жасап отыр. Соның бірі - мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту. Бұл қоғамда маңызды жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестицияларды тарта отырып тиімді басқаруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жеке секторға беруге бағытталған мемлекетпен жеке бизнес арасындағы ынтымақтастық болып табылады. Сондықтан үгіт-насихат құралдарын көптеп шығарып, кәсіпкерлерге түрлі салалардағы бірлесіп атқаратын  жобаларды ұсынып отыру қажет», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы әкімдіктің бастамасымен 34 жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыру жоспарланған. Заң талаптарына сәйкес тиісті құжаттары рәсімделген 18 жобаның тізбесі облыстық мәслихатпен бекітіліпті.

«Биылғы жылы 34 жобаның 11-не конкурс жарияланды. Оның 1-і білім, 3-еуі спорт нысаны. Байқау қорытындысы 4 - тамыз айында анықталады. 4 жобаның конкурстық құжаттамалары әзірлену үстінде. Тиісті сараптама қорытындылары алынғаннан кейін тізбесін бекіту үшін облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныс берілетін болады. Бұдан бөлек, 12 жобаның тұжырымдамасы дайындалып, жыл соңына дейін тиісті сараптама қорытындыларын алу көзделіп отыр», - деді Арман Сәбитұлы.

Өңір басшысы мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту мақсатында облысымызда мемлекет тарапынан бөлінетін 95 млрд. теңгенің көлеміндегі жобаларды әзірлеуге шақырды. Бұл ретте әкім балабақшалар мен спорт кешендерін, футбол алаңшалары және отбасылық, студенттік жатақханалардың құрылыс жүргізуге кеңес берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары