$ 448.15  483.46  4.86

«100 нақты қадам» жасауда Алматы жастары көпке үлгі

Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын жүзеге асыруда Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқармасы қала жастарымен бірлесіп біраз игі шараларды атқарып келеді. Оған дәлел, шаһарда өтетін түрлі іс-шараларға қала жастарын көптеп тарту, белсенділермен жұмыс істеу сияқты істердің оң шешімін табуы болып отыр. Мәселен, жылдың басында өткізілген Қысқы Универсиада ойындарындағы Алматы жастарының белсендігілі тек Қазақстанға ғана емес, барлық елдерге үлгі болды десек артық емес.

Басқарманың Бас маманы Қайрат Нұрсоветұлының айтуынша, соңғы бес жылда Алматы қаласының жастарының белсенділігі артқан. Түрлі шараларға ерікті түрде қатысып, Жастар саясаты Басқармасымен тығыз байланыс орнатуға тырысқан жастар қатары көбейген.

Мемлекеттік саясатты қолдауда жастардың белсендігілі қуантады. Бүгінгі жастар өзі тұратын өңірдегі шараларға бей-жай қарамайтындығымен ерекшеленіп отыр. Мәселен, Алматы жастары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал еңбек» атты жастар арасында дебат-шоу өткізген.

– Біздің басқарманың қолдауымен  «Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал еңбек» атты жастар арасында дебат-шоу өтті. Шараны студент жастардың өзі ұйымдастырғанын мақтанышпен айта аламыз. Дебат-шоуға Алматы қаласындағы үздік пікірсайыс клубтарының аға буындары мен орта буындары қатысты. Тартысты өткен дебат-шоуды Алматы қаласының тұрғындары көруге мүмкіндік ала алды, - дейді Жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқармасының Бас маманы Қайрат Нұрсоветұлы.

Қатысушылар ойын барысында мемлекеттік қызметтің құндылығын, мемлекеттік қызметкерге қажет қасиеттерді өздерінінің кейстері арқылы тереңінен ашып көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерге мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктерді талдап өткен.

Шаһар жастары белсене қатысқан шаралардың бірі - ХІІІ Қалалық спартакиадасының салтаннатты жабылуы. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен,  Орталық мәдениет және демалыс паркінде бұқаралық спорт түрлерінен ХІІІ Қалалық спартакиадасының салтаннатты жабылуы  өтті.  Дәстүр бойынша іс-шара «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен өтіп, Халықаралық нашақорлық пен есірткі саудасымен күрес күніне арналған болатын.

Салауатты өмір салты демекші, алдағы уақытта Басқарма басшысының айтуынша, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен қала базарлары арасында мини-футболдан «Дүйсенбілік футбол-2017» турнирін ұйымдастырылмақ.

– Шараның басты мақсаты — базар жастарын бірлікке шақырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Аталмыш жарыс 3 айға созылып, қаланың барлық базарлары қатысады деп күтілуде. Доп додасының V туры осы жылдың шілде айында өтеді, - дейді Басқарманың Бас маманы Қайрат Нұрсоветұлы.

Айта кетейік, өткен жылы дәл осы әлеуметтік жобаның іріктеу турнирлерінде 40 базардан 40 команда, 1000-ға жуық ойыншы қатысқан. Нәтижесінде, 96 ойын өткізілген еді. Ал биыл ол межені еселенеді деп күтілуде.

Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамына енген: «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату», Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру; «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру және т.б. міндеттер кеңінен атап көрсетілген. Ал дәл осы бағытта Алматы жоғарғы оқу орындарының студенттері, қала жастары түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастырып келеді. Осылайша қала жастары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 89-қадам «Нұрлы болашақ» жоспарын жүрезе асыруда.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары