Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


21.11.2017, 20:40

ОҚО-да жыл басынан бері 5246 отбасы баспаналы болды

Елімізде халықты баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін мемлекеттің қаражаты есебінен «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы жүзеге асып, арзан бағада пәтерлер салынса, енді биылдан бастап қазақтандықтар «Нұрлы жер» бағдарламасының игілігін көріп келеді.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 10 айдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 526 мың шаршы метрді (5246 пәтер) құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға артып отыр. Ал облыс орталығы Шымкент қаласында биыл жалпы аумағы 302 мың шаршы метрлік 5 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында облыста құрылысы жоспарланған 231 нысанның жыл соңына дейін 115-ін пайдалануға тапсыру межеленген. Ал ағымдағы жылдың басынан 1-қарашаға дейін 61 нысан пайдалануға тапсырылған. Қалған 54 нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Шымкент қаласында биыл 201 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

«Айта кетерлігі, Шымкентке жалпы құны 22,5 млрд. теңгеге 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталығында 32, арендалық 16, дәл сондай несиелік 16 тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек «Шымкент сити» шағын ауданында жалпы 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп келеді», - деді Әбілсейіт Рабаев.

Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директор орынбасары Ақылбек Қоспановтың айтуынша, аталған банк жүйесі бойынша биыл өңірде 982 пәтер пайдалануға беріледі. Ал 2018 жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында облыс орталығы Шымкент қаласында 2500-ге жуық пәтер салу жоспарланған.

 «Ол 3-класстық баспананың шаршы метрі 140 000 теңгені құрайтын болады. Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша 57 мыңға жуық салымшыларымыз бар. Ал олардан жинақталған сома 27 млрд. теңгеден асады. Сондай-ақ, баспананы алудың тәртібіне тоқтала кетсек, конкурстан өткен салымшы үйдің жалпы құнының 30 пайызын жинақтау керек.  Қалған 70 пайызын банк 5 пайыздық мөлшермен 6-15 жылға дейін несиеге беретін болады», - деді Ақылбек Қоспанов.

«Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру барысында пайыздық үстемелер 5 пайыздан да төмендеп отыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.