$ 447.4  477.55  4.76

«Нұрлы жол» аясында Жамбыл облысыныда биыл 8 жоба іске асуда

Еліміздегі жол және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында іске қосылған «Нұрлы жол» бағдарламасы республиканың барлық өңірінде жүзеге асып жатыр. 2015-2019 жылдарға арналған жоба аясында еліміздегі облыс орталықтарынан Астанаға автокөлік жолдары тартылып (ескілері қайта жаңғыртудан өтіп), әуе және темір жол байланысы дамитын болады. Сонымен қатар, тұрғын үй инфрақұрылымы да қайта жаңғыртылмақ.

Осынау жоба өзге өңірлермен бірге Жамбыл облысында да бірқатар игі істердің атқарылуына себепкер болды. Мәселен, 2015 жылдан бері өңірде 55 жоба іске асыпты. Бұл тіралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жамбыл облысында 2015-2017 жылдары 55 жоба іске асып, олардың бәріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен 18,7 млрд.теңге қаражат бөлініпті. Атап айтқанда:

- 2015 жылы 5,1 млрд.теңгеге 17 жоба іске асқан (2 – тұрғын үй, 2 – инженерлік инфрақұрылым, 3 – коммуналдық шаруашылық, 10-бизнестің жол картасы). Олардың жетеуі 2016 жылға ауыспалы.

- 2016 жылы 10,1 млрд.теңгеге 11 жоба іске асқан (5 жоба – білім саласында, 3 жоба – жылу жүйелерінде, 3 жоба – инженерлік инфрақұрылым). 11 жоба 2017 жылға өтпелі (8 жоба – инженерлік инфрақұрылым , 1 жоба – бизнестің жол картасы, 2 жоба – білім саласы).

Жалпы, қазіргі таңда облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылуда. Олар:

  1. «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту»;
  2. «Индустриалды инфрақұрылымды дамыту»;
  3. Жылумен қамту желілерін жаңғырту бағыттары.

Бұл мақсатта 2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен 8 жобаны іске асыруға 3,5 млрд. теңге бөлініп отыр.

Барлық жобаларды іске асыру барысында 471 уақытша жұмыс орындары құрылды.

«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 5 жобаны іске асыруға 2,4 млрд. теңге бөлінді. Жобаларды іске асыру барысында 362 уақытша жұмыс орындары құрылды.

Жаңа 2017-2018 оқу жылының басына (құны 1 149,3 млн.тг) «Меркі ауданы Сарымолдаева ауылында 600 орындық №9 Савва атындағы» және (жалпы құны 1 305,9 млн. тг) «Тараз қаласы "Салтанат" мөлтек ауданында 1000 оқушыға арналған №30 орта мектептерінің» құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Екі жобаны іске асыру барысында 120 уақытша жұмыс орны құрылды.

Қалған 3 нысан:

«Байзақ ауданы Байзақ ауылындағы 300 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы» (жалпы құны 749,4 млн.тг., 2017 ж. - 535,9 млн. тг);

«Тараз қаласы Шөлдала алқабындағы 900 орынға арналған орта мектеп құрылысы» (құны 904,4 млн. тг, 2017 ж. - 813,9 млн. тг),

«Тараз қаласы 300 орынға арналған №24 гимназиясының қосымша құрылысы» (жалпы құны 597,2 млн. тг, 2017 ж. - 537,5 млн.тг) 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда. 2017 жылы жобаларды іске асыру барысында 242 жұмыс орындары құрылды.

«Индустриалды инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2 жобаны іске асыруға 848,1 млн. теңге бөлінді. Жобаларды іске асыру барысында 40 уақытша жұмыс орындары құрылды.

Бұл бағыт бойынша жалпы құны 1 186,2 млн. теңге құрайтын «Қаратау қаласындағы жылына 300 мың тонна цемент өндіретін зауыт құрылысы. Инфрақұрылымдар (техникалық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желілерін жүргізу, телефон желілерін жүргізу, газбен жабдықтау)» жобасын іске асыру толық аяқталып, нысан ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Жобаны іске асыру барысында 25 уақытша жұмыс орындары құрылды.

Жалпы құны 222,8 млн.теңге құрайтын "Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округінің аймағында орналасқан Биокомбинат ғимаратына сыртқы инженерлік желілер салу" «BIO VET KZ» ЖШС жобасының 1-ші кезеңінде ағымдағы жылдың 27 қарашасында 159,9 млн. теңге игеріліп, 15 уақытша жұмыс орны құрылды. Жобаны іске асыру жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Жылумен қамту желілерін жаңғырту бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен 280,3 млн.теңге сомасында кредиттер бөлінді.

- Бұл қаражатқа «Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласы «Шу-Жылу» КМК орталық қазандығының КЕ-25/14С маркалы екі бу қазанын газбен жұмыс жасайтын қазандарға ауыстырып, қайта жаңғырту» жобасы іске асырылып, 69 уақытша жұмыс орындары құрылды. Жобаны аяқтау үстіміздегі жылдың желтоқсанына жоспарланған, - деп қорытындылады юасқарма басшысы өз сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары