$ 449.58  486.94  4.86

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қай заман, қандай ел болмасын болашаққа бағдар құрып, жаңару мен жаһандану жолында тыңбай еңбекетері анық. Алға қойылған мақсат, болашаққа құрылған жоспар мемлекеттің өркендеп өсуінің кепілі. Тек жоспар құрып қана қоймай, оны жоғары деңгейде орындай білу де өнер.

Елбасы Н. Назарбаев осы өнердің қыр-сырын жетік білетін басшы. Оған президентіміздің әр жыл сайын халыққа жолдауы мен мақсат – мұратына жетіп жатқан стратегиялық жоспары кепіл. Сондай саяси маңызы бар, мазмұны терең бағдары айқын Елбасымыздың мақалаларының бірі – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».

Өткенге көз жүгіртсек, ғылым-білімнің дамуы, әсем қалалардың бой көтерген дәуірі «рухани жаңғыру» атауымен есте қалғаны анық. Рухани жаңғыру – өркениеттің өрге жүзуі.

Тарихты терең білетін Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен мәдени дамуын тілге тиек еткен. Мақаланың мазмұны терең, бағдары айқын, ауқымы кең. Нұрсұлтан Әбішұлы рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынады.

Бәсекелестік қабілет. Елбасы жаһанданудың ғаламдық жүйесіне еніп, қазіргі заман талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін баса айтты.

Прагматизм. Бір мақсатты көздеп, бір адамша жұмылып түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.

Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз ұлттық салт-дәртүрді сақтай отырып алға жылжу керек екенін ұқтырды.

Білімнің салтанат құруы. Қазіргі жаhандану заманында теxниканы тез меңгеретін, жаңаруға тез бейімделетін білімді, ақылды адамдар қажет. Табысты болудың негізгі факторы білім екенін әркім терең түсінуге тиіс. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны өзгерген. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

Мемлекет пен ұлт біртұтас ұғым. Ұлт саналы болса мемлекет өркендеп өне береді. Ол үшін әрбір қазақ заман ағымына саналы түрде бейімделген болуы керек. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын барша қазақ жастары терең түсінуге тиіс.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Табысты, алдыңғы қатарлы ел болу үшін өзгерістерге тез бейімделіп, ғылым-білімді жедел меңгеру керек.

Келешекте Қазақстанның дамыған мемлекеттердің қатарында болатындығына сенімім мол. Себебі, біздің бағдарымыз анық, бағытымыз түзу. Рухани жаңғыру арқылы жарқын болашаққа жетейік!

Алматы қаласы Әділет департаментінің
Жеке сот орындаушылар қызметін
ұйымдастыру бөлімі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары